Америкалық әскерилер қазақ тілінде ән шырқап, көпшілікті тәнті етті (видео)
АҚШ Әскери-әуе күштерінің ансамблі "Музарт" тобының "Балауса" әнін орындап, Қазақстан халқын қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан алынды
Желіде орындаушылардың бірнеше видеосы пайда болды. Бір айта кетерлігі, шығарма жанды дауыста орындалады.
Ал желі қолданушылары америкалық әскери ансамблдің ән орындауына ерекше ықыластарын білдірді.
"Әнді бұзбай, әдемі айтып тұр", "Жарайсыңдар, америкалық әскерилер мен АҚШ елшілігінің қызметкерлері. Мәдениет, тіл, қарым-қатынас сияқты адамдарды біріктіретін маңызды ештеңе жоқ! Арамызда достық пен серіктестік нығая берсін!", "Шетелдіктердің қазақша сайрап тұрғанын қазақтар жақсы көреді", "Керемет! Бірнеше рет тыңдадық. МузАртты Американың халқы да сүйіп тыңдайтын болып тұр ғой. Жарайсыңдар!", - деді желі қолданушылары.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”