Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Amanat” партиясының жеңісіне күмән келтіруге болмайды - жаңадан сайланған депутат Мақсат Толықбай (видео)

Жаңадан сайланған депутат Мақсат Толықбай ҚР Парламентінің мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау кезіндегі олқылықтарды айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: видеодан скриншот

“Сайлаудың әділ өтетініне ешқандай мемлекет кепілдік бере алмайды. Мысалы сайлау күні сен не істедің деген сұрақты әркім өз-өзіне қоюы керек. Ең болмаса өз ауылымдағы сайлаудың әділ өтуіне септігім тисінші деп ондаған журналист алып бардым. Қарасай ауданында боламын дедім ғой. Байқасаңыздар әлеуметтік желілерде бөлістік, сол заң бұзушылықтардың 70 пайызын мен шығарған шығармын сол күні. 

Сайлау комиссиясының төрағасын екі рет орнынын ауыстырдық. Айналдырғандарды (дауыс беру жәшігін - ред.) біз суретке түсіріп, олар алып тастаңыздаршы деп жылады. Қарабеттерді ел білсін деп, оларды шығардық. Есесіне ешқандай партияда жоқ, сол ауылдан шыққан жанашыр азаматтардың өтуіне біздің септігіміз тиді”, - деді депутат.

Мәжіліс депутаты сайлаудың әділ өтуі тікелей бақылаушыға байланысты дейді. Ал “Amanat” партиясының жеңісін әділ деп бағалады. 

 “Amanat” партиясының жеңісіне күмән келтіруге болмайды. Заң бұзушылық ол жергілікті жерде. Мәслихатқа қатысып жатқан біреу шығар, басқа шығар. Мен мәслихат деңгейінде сол жерде анықтадық деп жатырмыз”, - деді Мақсат Толықбай. 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Наурыз, 2023 16:05
Талқылау