«Аmanat» партиясы букмекерлік кеңселерді жарнамалағанын растады
"Аманат" партиясы өз холдингінің сайттарында Мәжілісте қарсы шыққан букмекерлік кеңселерді жарнамалағанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қыркүйек айынан бастап "Нұр Медиа" холдингінің сайтында "1XBET" букмекерлік кеңсесінің жарнамасы орналастырылмағанын, жарнамалық қызмет көрсету бойынша барлық келісім-шарттар бұзылғанын хабарлаймыз", - делінген партия хабарламасында.
Сондай-ақ "Аманат" партиясы құмар ойындарға тәуелділікпен күресуде өзіндік ұстанымы бар екенін айтты. Әуел бастан "Нұр Медиа" холдингінің БАҚ арқылы букмекерлік кеңселерге қатысты заңнаманы қатайту жөніндегі ұстанымын белсенді түрде насихаттап келе жатқанын жеткізді.
Талқылау