Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» бизнес үшін 15 мың артық кедергіні жояды

"AMANAT" партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері жалғасуда. Бүгін партиялықтар Шымкент қаласына келді.

Штаб мүшелері қаладағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады.

"AMANAT" төрағасы Ерлан Қошанов партия ШОБ үшін елде бизнес жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті.  
"Біз жеке бастамалар мен нарықтық экономиканың күшіне сенеміз. Партия заңнама деңгейінде экономикадағы монополияны жоюға және адал бәсекелестікті дамытуға қол жеткізеді. 2027 жылға дейін біз кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергіні жоямыз", –  деді Ерлан Қошанов. 

Ол бүгінде технологиялық кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикадағы жоғары еңбекақы төленетін жұмыс орындарының үлесін арттыру қажет екенін атап өтті. 

Оның айтуынша, "AMANAT" машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте жүздеген жаңа кәсіпорындар құруға ықпал етеді, онда жыл сайын кемінде 40 мың сапалы, жоғары жалақы төленетін жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, партия бизнес үшін ұзақмерзімді және қолжетімді несиелік ресурс мәселесін шешуге тырысады. Өндіруші бизнеске өндірістік, көлік және коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсетіледі. Ал аграрлық кешен мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін неғұрлым жеңілдетілген салық мөлшерлемелері қолданылады.

Штаб мүшелері "Асар" шағын ауданының тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйге қолжетімділікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Партия сайлауалды уәделерін орындау аясында Шымкентте 5,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 67,4%-дан 85%-ға дейін көбейту, аулаларда 100 ашық спорт алаңын салу және көшелерді жарықтандыру мәселесін толығымен шешу жоспарлануда.

Бұдан соң аманаттықтар қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, аға буын өкілдеріне зейнет жасындағы адамдардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі партияның бастамалары туралы айтып берді. "AMANAT" зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуді, сондай-ақ базалық зейнетақыны арттыруды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, алдағы бес жылда медициналық-әлеуметтік мекемелер базасында қарттарға күтім жасау қызметі ашылады.

Осы күні "Айна" базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен экспромт-кездесу өтті. Шымкентте партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам жас тегін кәсіптік білім, 32 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқуға мүмкіндік алады және 5 мың жас алғашқы жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі 

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

“AMANAT” партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.