"Аман қалуға тура келді": Үндістанға емделуге барған отандасымыз 6 айдан соң әрең елге оралды

2019 жылдың қарашасында Үндістанға ем алуға барған отандасымыз Евгений Колесников әлемдік пандемияға байланысты Қазақстанға орала алмай қалған. Жұмыс істеп, күн көріп жүрген отандасымызды мемлекет елге жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

Евгений шетелде 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың наурызына дейін болғысы келген, бірақ коронавирус оның жоспарларына айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол - 3 топтағы мүгедек, бүйрек, бауыр проблемалары бар. Үндістанда Евгений Аюрведа жүйесімен, массаж және шөптермен емделді. Жоспар бойынша курс наурыз айында аяқталды. Алайда, емі аяқталғаннан кейін Евгений үйіне орала алмады.

"Біраз қаражат жинадым, бірақ ол жерде ұзақ мерзімге қаламын деп ойламадым. Содан кейін қаражат аяқталды, зейнетақы жетпей қалды. Осы коронавирусқа байланысты банктер жабылды - анам қандай да бір жолмен ақша жібере алмады", - дейді Евгений Колесников.  

Аман қалуға тура келді, дейді Евгений. Ол ешқандай жұмыстан қорықпайтынын атап өтті. Сондықтан, критнаит ғибадатханасында ол көкөністер мен жемістерді тазалап, өзі де осыларды азық еткен. Евгений сонымен қатар басқаларға техниканы - кір жуғыш машиналарды, пештерді, крандарды жөндеуге көмектескен. Осылайша баспанаға ақша жинаған. 

Ал Евгенийдің анасы Надежда Гейнцтің айтуынша, әлемде қайырымды адамдар көп. Осы уақыт ішінде ол төлем орталығының, ХҚКО-ның, Глубокое аудандық әкімдігінің табалдырығын тоздырды. Әкімдік мамандары туризм басқармасына көмек сұраған. 

"500-ден астам адам Шығыс Қазақстанға оралуға көмек сұрады. Олардың ішінде 100-ге жуығы қиындықтарға тап болды. Яғни, рейстер тоқтатылғандықтан, біреулері ақша таппады. Олар басқа жерде қонақүйлерді қосымша жалдауға мәжбүр болды. Біз барлық осы тізімдерді, барлық ақпаратты жинадық. Және оны сыртқы істер министрлігіне қайта жібердік", - деді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.

Іске Қазақстанның Үндістандағы консулы кірісті. Евгений мемлекет үұйымдастырған рейс арқылы елген тегін ұшып келді. Ал Надежда Гейнц әлі күнге дейін ұлының қасында екеніне сене алмай жүр.

"Баламның келгеніне қуаныштымын! Сонымен бірге мен баршаға, осыған қатысқан барлық адамдарға алғысымды білдіргім келеді! Жәй өтпегендеріңіз үшін! Еш себепсіз көмектесті. Барлығына көп рахмет! Көп рақмет сіздерге", - деді Надежда Гейнц.

Осылайша, карантиннің барлық кезеңінде 509 адам елдің Шығыс Қазақстанға орала алды. Ал облыс арқылы транзитпен тағы 700-ге жуық адам үйіне жетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр