Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз зорлау ісі бойынша айыпталған әлемдегі ең атақты футболшы сот алдында жауап берді

"Барселонаның" бұрынғы қорғаушысы бразилиялық Дани Алвес 17 сәуірде зорлау ісі бойынша сот алдында жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дани Алвес

39 жастағы қорғаушы 30 желтоқсанда Барселонадағы түнгі клубтардың бірінде әйелге тиісті деп айыпталған. Әйел полицияға жүгініп, спортшының денесіне қол жүгірткенін айтқан.

“Оның биінен әрі маған деген көзқарасынан бәріне дайын екенін аңғардым. Мен оған мұның барлығын ваннада жалғастырайық дедім. Ол қарсы емес екенін айтты. Мен өзімнің ертерек шығып, іште күтетінімді айттым. Бұл оған ұнайды ма деп екі рет қайталап сұрадым, ол ия деп жауап берді. Егер мен оны шыға берісте көрсем, оған не болғанын сұрау үшін тоқтайтын едім, өйткені оған дейін бәрі жақсы болатын”, – деп келтіреді Алвестің сөзінде Marca басылымы.

Еске салайық, футболшы түнгі клубта қыз зорлады деген айыппен биылғы жылдың қаңтарынан бері қамауда отыр. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін футболшы болған оқиғаның төрт түрлі нұсқасын айтып, жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскенін соңғы рет растаған еді.

Былтырдан бері ол мексикалық "Пумас" сапында ойнап жүр. Ол сонымен қатар “Барселона”, “Сан-Паулу”, “Пари Сен-Жермен”, “Ювентус”, “Севилья” және“Баия” клубтарының намысын қорғаған.

Алвес - әлемдегі ең титулы көп футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алған.

Талқылау