Алуа Қонарова «Renzo» тобының жаңалықтарымен бөлісті
Бірнеше топқа жетекшілік етіп жүрген Алуа Қонарова «Renzo» тобының алдағы жоспарларымен бөлісті. Продюсер бүгінде музыка саласында жаңалық ұсынуда арнайы мамандардың жоқтығы үлкен мәселе болып отырғанын айтады. Алуа Қонарова жаңа бағыттағы, жаңа тобының жоспарларын stan.kz сайтымен бөліскен еді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Осыған дейін «RinGo» тобының продюсері Алуа Қонарова өзінің жігіттерден құралған «Renzo» атты жаңа жобасын таныстырған болатын. Тіпті, топтың атын қою үшін продюсер байқау ұйымдастырып, нәтижесінде осы жапондық атауды таңдады. Топтың алғашқы композициясының сөзі мен өлеңін «RinGo» тобының беделді мүшесі Батыр Байназаров жазған.
«Олар осы күнге дейін үш жаңа өлең жазып үлгерді. Дәл қазір мәтіні мен аранжировкасына байланысты жұмыстар жүріп жатыр. Жақын уақытта іске кіріседі. Бірақ, алдымен, осы өлеңдердің біреуін таңдап алуымызға тура келеді. Ол да әдеттегідей ырғақты, түрлі би қимылына толы болады. Шамамен наурыз-сәуір айларында көрермендерге жол тартады», – деп продюсер «Renzo» тобының соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
Продюсердің айтуынша, дәл қазір нақты кімдермен жұмыс істеу керектігі таңдалып жатыр. Мұнымен қатар, Алуа Қонарова Қазақстанда сапалы мамандардың аз екенін де жасырмады.