Алуа Қонарова: Бүкіл әлем тыныштықта отырғанда қазақстандықтар той тойлап жүр
Қазақстандық продюсер Алуа Қонарова Қазақстандағы карантиндік іс-шараларға көңілі толмайтынын айтты. Әсіресе, той-тойлап, көпшіліктің сақтық шараларын сақтамайтынына ашулы.
"Маған ғана емес, біраз адамға қазіргі Қазақстандағы карантиндік шаралардың әлсіз екені белгілі. Бүкіл әлем тыныштықта отырғанда, қазақстандықтар той тойлап жүр. Шекара ашық. Әлем ақырындап миымен ойланып жатыр. Вакцинация алып жатыр. Вирустың таралуын бақылап отыр. Туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. Қазақстан әлі де локдаунда", - деді продюсер.
"Көрдіңіз бе, дұрыс па? Шенеуніктер өз мемлекетіне, өз халқына бей-жай қарамайтын елде тәртіп бар және адамдар өздерін солай ұстайды. Бізге жүйеде түбегейлі реформалар мен тыңдаушы мемлекет қажет", - деді Қонарова.
- Алуа Қонарова: Бәріміз қысқа белдемше кидік және одан жаман болған жоқпыз
- "Өзім білемін": Алуа Қонарова өзін айыптағандарға жауап берді
"Алматыдағы "Алтын-Орда" базары былтырдан бері бір күнге де жабылған жоқ, күніне неше мың адам кіріп шығады, қазір де істеп тұр", "Бәрі басшылыққа байланысты, қара халық тыйым салмаса, тыңдамайды", "Тәртіп жоқ, шенеуніктердің өзі той тойлап жүр, басқалар қайда барады?", "Вирустың алдын алатын ешқандай шара жоқ, тойға тыйым болғанымен басқа жерде адам толып жүр", "Шекараны жабу керек алдымен", "Вирус сырттан келіп жатыр", "Вакцина толығымен көмектеседі деп ойламаймын", - деп жазды желі қолданушылары.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
