Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева «Құрмет» орденімен ал Сәбит Әбдіхалықов мерекелік медальмен марапатталды

Танымал әнші Алтынай Жорабаева мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұл туралы әншінің құрбысы, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева хабарлады.

0-28

«Сүйінші! Ештеңеден xабарымыз жоқ, таңертең тұрып, таңғы асымызды ішіп отырып интернетті қосып қалсақ “Алтынай Жорабаева “Құрмет” орденімен марапатталды деп тұр. Сасқанымнан, “Алтынай, мынау сен бе?!” деппін ғой. Ал құттықтасаңыздар болады. Құрметті xаншайымға бәрін жеткізейін деп тұрмын», – деп жазды Тұрсынбаева.

Жорабаеваның күйеуі Сәбит Әбдіхалықов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 

Айта кетейік, Құрмет – Қазақстан Республикасының ордені. 1993 ж. ҚР президентінің жарлығымен белгіленген. Орденмен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді

Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты

Қайрат Нұртастың жаңа концертіне 200 мың доллардан аса қаражат жұмсалған

Әнуар Нұрпейісов Қазақстан аруларын жасанды кірпік пен бес тонна бояудан бас тартуға шақырды (видео)

Талқылау