Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева қозыларға концерт қойған күндерін еске алды

Алтынай Жорабаева өзінің бала күнгі естеліктерін бөлісті. Әншінің мал бағып жүріп қозыларға концерт қойып беретін кездері болған-ды.

0ждоо

Фото: instagram.com/zhorabayeva/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Алтынай Жорабаева демалысының көп бөлігін Қазақстанға қарағанда, шетелде өткізуге тырысады. Ол өнерінен қыздарына көбірек мән береді. Өзі шетелде демалып та, шығармашылықпен айналысып та үлгеретінін айтып жатыр.

«Талғат екеуіміз қалаларды аралап, концерт қойғалы жатырмыз. БАӘ-ге наурыз айында барамыз. Өзім Дубайда жеке концертімді өткізу туралы келісім-шартқа отыруым керекпін. 9 мамыр Жеңіс күніне орай ресейлік әншілермен қосылып, тағы да концерт береміз», – дейді ол.

Мұнымен қатар, әнші бала күнгі естеліктерін бөлісті. Өзінің мектеп қабырғасында қандай бала болғанын айтып берді. «Мен университетке оқуға түсіп, ән айтып кеткен кезде ата-анам қатты таңқалды. Өйткені Алтынай ән-күй сабағында баға алу үшін ғана ән айтатын. Кішкене қозылармен жүрген кезде соларға жеке концерт қойып беретінмін. Ал мектепте түрлі жарысқа қатысып, жұлқынып тұрған бала болған жоқпын. Тіпті, ортадағы 15 минуттық қоңырауда да далаға шығып ойнамайтынмын. Өйткені қыста қары немесе тасы тиіп кетеді деп сақ жүретінмін. Әке-шешеммен жуырда құмды аймақта демалып келдік.

Көлік аударыла жаздаған сайын мен қатты қорқып отырдым. Ол кісілер маған қарап күліп жатыр. Менің қорқақтығымды, өзіме қарап, сақ жүретінімді еске алды. «Қазір ашылған шығар деп ойлаушы едік. Әлі толық ашылмаған екенсің» дейді ата—анам. Мектептен келе салып сол киіммен үй тапсырмасын орындап алатынмын. Орындап болған соң киіміді ауыстырып, сыртқа шығып келіп, одан кейін беті-қолымды жуып, тамағымды ішіп, емін-еркін ойнайтынмын. Ұят та болса айтайын дәрет қысып тұрса, мектеп киімімен дәретханаға бармайтынмын. Дәретке барып келіп, қолы-басымды жуып, қайтадан мектеп киімімді киіп сабақ оқимын. Сол кезде маған ешкім ешнәрсе үйретпейтін. Сондай бір ерекше бала болғанмын», – дейді Алтынай Жорабаева.


Жіберіп алмаңыз:

Украин қызын аймалаған Ерлан мен Баянның ұлы көпшіліктің “аузын аштырды” (видео)

Димаш Қытайдың Чанша қаласында концерт берді (видео)

Бет-аузы көгерген Қайрат Нұртас тыңдармандарын шошытты

Жезқазғандық баланы көпшілік екінші Димаш деп атады (видео)

Талқылау