Алтынай Жорабаева 2 тәулік бойы өзі тіккен көйлегін көрсетті (фото)
Алтынай Жорабаева желі қолданушылары асыға күткен көйлегін көрсетті. Ол екі күннен бері қара көйлегіне моншақтардан жүрекше тігіп жатқан болатын. Әншінің кішігірім туындысы дайын болып та үлгерген екен.
Фото: instagram.com/zhorabayeva/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алтынай Жорабаева қара көйлегін қызыл моншақтармен безендіруді жөн көріпті. Ол өз қолымен көйлекке екі тәулік ішінде жүрекше тіккен екен. Енді міне дайын болған туындысын көрсетті.
Жуырда Тамара Асар өзіне көйлек тіккенін айтып жұртты таң қалдырған болатын. Енді міне дәл осындай өнерінің бар екенін Алтынай Жорабаева да айтып жатыр. Ол көйлегін моншақпен безендіруге кіріскен-ді. “Кеш жарық! Көйлегімнің тастарын тігуді бастап кеттім. Дайын болғанда көрсетемін”, – дейді Алтынай Жорабаева. Ал бүгін әншінің осы көйлегі дайын болды. Ол көйлекті толығымен көрсетпесе де, желіге дайын болған жүрекшенің суретін жүктеді.
Суретті көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Көпшілік көйлектегі моншақ жүректің өздеріне ұнағанын айтып жатты. Мұнымен қатар, көйлекті толығымен көрсетуді өтінгендер де болды. “Керемет! Қолың дерт көрмесін”, “Өзіңіз сияқты әдемі екен. Бақыт, денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Аман болыңыз”, “Құтты болсын! Жүрегіңдегі Алланың берген төрт моншағы аман болып, солардың қызығын көр” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Алтынай Жорабаева шаш түсуін тоқтатудың тәсілін бөлісті
Алтынай Жорабаева енесімен неге бірге тұрғысы келмейтінін айтты
Араб тілін үйренуге шақырған Алтынайды тыңдармандары сынап тастады
Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды