Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20% жеңілдік, 5% кешбэк: Аltyn Bank пен "Жолаушылар тасымалы" компаниясы саяхатшыларға тиімді карта шығарды

“Altyn Bank” АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd компаниясының еншілес банкі) мен “Жолаушылар тасымалы” АҚ бірлесіп, теміржол қызметін жиі қолданатын жолаушылар үшін жаңа цифрлық төлем картасын – Altyn Express-ті іске қосты.

Карта иелері “Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның барлық стандартты және қала маңындағы бағыттағы пойыздардың, соның ішінде "Тальго" пойыздарының да билеттеріне 20% жеңілдік ала алады. Сонымен қатар осы карта арқылы бүкіл әлемдегі пойыз, автобус, метро және такси сияқты транспорттардың жолақысын төлегендерге 5% кэшбэк беріледі.

Бұл үшін бар болғаны банктың Altyn-i мобильді қолданбасын жүктеу керек. Кейін қосымшаға тіркеліп, “Карталар” бөлімінен Altyn Express картасын таңдау қажет немесе ҚТЖ сайтынан онлайн ашуға болады. Карта келесі жұмыс күні жылдық қызметі үшін 10 999 теңге төлегеннен кейін бірден іске қосылады. Комиссияны төлеу үшін картаға қажет соманы салса, жүйе автомат түрде бірден төлем ретінде алады. Кейін “Жолаушылар тасымалы” АҚ клиентке арнайы нөмір береді. Клиент сол нөмір арқылы жеңілдігі бар билеттерді сатып ала алады. Бұл нөмір Altyn-i мобильді қолданбасында көрініп тұрады. 

Altyn Express картасының негізгі артықшылықтары:

– Карта иесіне теміржол билеттері үшін 20% жеңілдік беріледі (пойыздардың тізімі Банктың сайтында жазылған).

– Пойыз, метро, автобус, такси сияқты транспорт арқылы қатынап, жолақысын карта арқылы төлесе, соманың 5%-ы кешбэк ретінде қайтарылады (терминал арқылы немесе онлайн төлем кезінде).

– Картадан кез келген банкомат арқылы айына 1 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақшаны комиссиясыз шешіп алуға болады.

– Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар. 

"Біз жолаушыларға жай ғана банк картасын емес, ақшасы мен уақытын үнемдейтін, қосымша мүмкіндіктер беретін құрал ұсынғымыз келді. Тұтынушы тек қаржылай қызмет емес, брендтен нақты пайда күтетін заманда Altyn Express картасы жолға жиі шығатын клиенттердің сапарын тиімді етеді. Әсіресе, бұл мобильділік артқан кезде және сұраныс көп маусымда ыңғайлы”, – деді "Altyn Bank" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Динара Арслан.

Жеңілдікті қалай пайдалану керек?

– Билет сатып алар кезде жеңілдік нөміріңізді көрсетіңіз.

– Билетті Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы алсаңыз, жеңілдік автомат түрде қолданылады.

– Билетті www.bilet.railways.kz сайтынан немесе ҚТЖ билеттері (Android) қосымшасынан алсаңыз, “карта нөмірі” деген жерге жеңілдік нөмірін жазу қажет.

"Ұлттық тасымалдаушы — "Жолаушылар тасымалы” АҚ арқылы жыл сайын 13,5 миллион жолаушы қатынайды, ал біздің жолаушылар үшін баға әлі шешуші фактор болып саналады. Altyn Bank-пен бірлескен ынтымақтың арқасында біз қызмет сапамызды түсірмей, жолаушыларға қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бере аламыз", — деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов.

"Altyn Bank" АҚ  (China Citic Bank Corporation Ltd компаниясының еншілес банкі)  — корпоративтік және жеке клиенттерге толық спектрлі өнімдер мен қызметтер ұсынатын әмбебап коммерциялық банк. Жеке тұлғаларға қызмет Altyn цифрлық банкингі арқылы көрсетіледі. Банк актив көлемі бойынша Қазақстандағы коммерциялық банктер арасында 12-орында және жоғары рейтингтерге ие (Fitch – "BBB", Moody’s – "Baa3"). Банктың Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау қалаларында және МФЦА-да алты филиалы бар.

ҚНРДА лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 (23.10.2024).

“Жолаушылар тасымалы” АҚ — Қазақстан аумағы мен одан тыс жерлерде теміржол арқылы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін ұлттық оператор. Компания жыл сайын 13,5 миллионнан астам адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде компанияның жылжымалы құрам паркі – 2 212 бірлік. Оның ішінде “Тальго” вагондары, жолаушыларға арналған кәдімгі стандарт вагондар мен электр пойыздары бар. 2022 жылдан бастап компания паркті жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Соның аясында вагондардың 50%-дан астамы жаңартылды. 2030 жылға дейін тағы 1 243 жаңа вагон сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде Швейцарияның Stadler компаниясының инновациялық өнімдері мен отандық ЗИКСТО зауытының вагондары бар. Компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі – цифрлық трансформация. Қазіргі таңда билеттердің 80%-дан астамы онлайн рәсімделеді. Ерекше сұранысқа ие сервистердің бірі – "Күту парағы". Биылдың өзінде бұл қызметті 182 мыңнан астам жолаушы пайдаланған.

Наргиза Аршидин
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 14:19
Талқылау