Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты айдан бері ізбасарларына ат таппаған «Музарт» әншілері өзара келісе алмай жүр

Осыдан алты ай бұрын ізбасарларын таңдаған «Музарт» әншілері, әлі күнге дейін төрттікке атау таба алмай жүр. Ұжымдағы орын алған бұл олқылыққа өнерпаздардың бір шешімге келе алмауы себеп болса керек.

15538346_189959451469570_7033496477527703552_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Бір адам, бір адамның пікірімен келісе бермейді. Мысалы, ат қоюдағы мәселеміз сол шыны керек. Мысалы, маған ұнаған 2 есім бар, ол Кенжебек пен Мейрамбекке ұнамайды. Ал, Мейрамбекке ұнаған есімдер жігіттерге ұнамайды деген сияқты. Сол себепті барлығымыздың ойымыз бір арнаға тоғысса деген ниет қой енді», – дейді Сәкен Майғазиев.

Бүгінде бұл ұжым қанатының астына алған төрттікке атау іздеп шарқ ұрып жұр. Алайда, алты айға жуық уақыт өтсе де, өздеріне есім бұйырмаған жігіттердің жүрегінде жалғыз ғана жұбаныш бар.

«Ағаларымыздың айтуы бойынша, «Музарт» тобы құрылған кезде 6 айдай атсыз, есімсіз жүрген екен. Сол себепті, бізде енді болып қалатын шығар жақсы бір есім топқа!» – дейді «Музарт» ізбасарының бірі Нұрхат Сегізбай.

Сондай-ақ, Музарт пен ізбасаларлар арасында келісім шарт туралы тақырып талқыланбаған және жетекшілердің жобаға қояр қатаң талабы да жоқ! Сондықтан, серілер сүйгенін жолықтырса, топ продюсерлері тосқауыл қоймайды.

«Кенжебек топқа келе салып үйленді ғой, ештеңе жоқ. Жанкүйерлерін жоғалтып алады деген қорқыныш жоқ», – дейді Сәкен Майғазиев.

«Жоқ, бірақ мен топқа келген кезде 5 жылға дейін үйленбеймін деп алға жоспар қойғанмын. Бірақ, оны ешқашан олай айтуға болмайды екен», – дейді Кенжебек.

Дәл қазіргі таңда Музарт ізбасарлары алғашқы бейнебаяндарын түсіріп жатыр. Туындының сюжеті төрттіктің құрылу тарихы мен топ жігіттерін таныстыру мақсатында таспалануда.

«Сіздерді таң қалдыратындай дүние жоқ! Бұл балалар бізге қалай келді. Жалпы, көрерменнің алдына қалай бұл жігіттерді қостық? бірінші әндерін солай естелік қылып қалдырсақ па деп отырмыз. Болашақтағы клиптері енді әннің тарихына қарай бола жатар», – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Бұл төрттік ән әлемінде әр-түрлі бағытта бағын сынап көрмек! Жарты жылда сегіз трек жаздырып үлгерген жігіттер, бірінші бейнебаянға қырғыз композиторы Мейірбек Атабековтің «Жүрегім сені аңсаған» әнін таңдапты.

Жіберіп алмаңыз:

Беспаевтің молда атасы бала күнінде оны суретке түсіруге тыйым салыпты

Майғазиев: Ағам қайтыс болған кезде, мен сахнада ән айтып тұрдым

Айқын мен Жұлдыздың үйленуіне орай әріптестері өз ойларын ашық айтты

Жас кезінде сүйіктісі Баян Есентаеваның көзіне шөп салған

Талқылау