Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева: Отшашуға ақша бөлген болып, сол ақшаны өздері жеп отыр

Алтынай Жорабаева елорда күніне орай атылған отшашуға қатысты ойын айтты. Дәрігерлердің көңілін көтеру үшін отшашу емес, оған жұмсалған ақшаны сыйақы ретінде беру керек еді деген ойын жазды. 

"Мынау не мазақ?! Ақталғандарының түрі ме? 1-сыныптың баласына айтып отырғандай. Сол дәрігерлерге шын жандарың ашыса, осы кеткен миллиардтарды премия ретінде беретін едіңдер ғой! Осыған ақша бөлгенсіп, сол жерден ақша жеу ғой, негізі.

Өз басым от шашу (салют) дегеннен кішкентайымнан қорқамын. Кәдімгі бір соғыс болып жатқандай естіледі ғой, Алла сақтасын. Жорабай атам соғысқа барған кездерін, қаншама бомбадан Алла сақтап, аман қалғанын айтып беретін. Содан соғыс туралы киноларды көріп, атамның айтып бергені көз алдыма елестеп, сондай қорқыныш қалып қалған", - дейді ол.

Жорабаева отшашуды жаман ырымға балады. Оның зиянынан басқа ешбір пайдасы жоқ деді.

"Студент кезімде, 31 желтоқсан күні, кешке құдашам алаңға барайықшы деп. Қорқамын деп айтуға ұялдым. Сол қорқынышымды мүмкін жеңетін шығармын деп тәуекел деп алаңға бардық. Құдайдың құдыреті, біреудің қолындағы атып жатқанының ұшқыны менің шашыма тиіп, шашым өртене бастады. Әйтеуір қолыммен сабалап, Алла сақтап өшірдік. Бәрібір жаман ырым деп ойлаймын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің сөзін қолдай түсті. 

"Дұрыс айтасыз, отшашу атқандары - қандай мазағы?", "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы", "Біздің басшыларға қашан ес кірер екен?", "Отшашуға кеткен ақшаны неге дәріге жұмсамайды?", - деп жазды олар. 

Талқылау