"Алтыналмас АК" АҚ 331 оқушыға "Мектепке жол" акциясы аясында толық жабдықталған рюкзактар сыйлады
"Алтыналмас АК" АҚ қызмет ету өңірлеріне әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету аясында дәстүрлі түрде "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысты.
Биыл компания Қарағанды, Жамбыл және Ақмола облыстарында орналасқан Ақсу, Жолымбет, Бестөбе, Ақбақай, Ортадересін кенттеріндегі 331 баланы оқу жылының басталуымен құттықтады. "Мектепке жол" науқанының мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы оқушыларға, яғни мұқтаж жандарға, сондай-ақ көп балалы отбасыларға оқу-құралдарымен қолдау көрсету. Балалар 28 заттан тұратын мектепке қажетті құралдармен толық жабдықталған рюкзактарды алды: сурет салу және сызуға қажет жинақтар, бояулар мен қарындаштар, дәптерлер, мұқабалар, оқу мен шығармашылыққа қажетті басқа да заттар.
"Біз шағын ауылда тұрамыз, мұндағы жағдай оңай емес: кейде ата-аналар күзде балаға сөмкелер мен жаңа керек-жарақтар аламын ба, әлде күзге жылы күртке сатып аламын ба деген қиын таңдау алдында тұрады. Сондықтан, "Алтыналмас" компаниясы бізге сөмкелер сыйлаған кезде, балалар қуана секірді! Олар үшін бұл қарындаш пен оқу құралдарын бір-бірімен бөліспей, 1 қыркүйекте мектепке жаңа киімде барады деген сөз. Ал үнемделген ақшаға жұбайым екеуміз балаларға жаңа киім сатып аламыз, бұл біздің ауыл тұрғындары үшін үлкен көмек, рақмет!" – деді Ердәулет, Ернар және Назеркенің анасы Анар Жұмабекова.
Ортадересін кентінің мектебінде 42 бала оқиды, бұл 1-11 сынып аралығындағы балалардың жалпы саны. Мұнда барлығы бір-бірін таниды, әр үйдің отбасылық жағдайы, қуаныштары мен қиындықтары туралы біледі, – деп Ортадересін ауылдық округінің әкімі Сейітқали Кркруов бөлісті.
"Сондықтан біз қыс мезгіліне де, мектепке де бірге дайындаламыз. "Алтыналмас" компаниясы биылда ниет білдіріп, балаларымызға мектеп рюкзактарын сыйға тартқанына қуаныштымыз. Мен мұндай қуанышты демалыстың басталуын жариялаған кезде де көрмеген едім. Мектеп керек-жарақтары берілді, енді тек оқушылар білім алып, мұғалімдердің тапсырмаларын орындаса, балалар оқу маусымына толығымен дайын", – дейді ауыл әкімі.
"Мектепке жол" – өңірлерге және шағын ауылдарға өзекті науқан, бұл қарапайым өмір сүретін және бірнеше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға үлкен көмек. Жолдасымен бірге Жансая, Жанель, Анель, Жанетта және Ұлпан – бес қызын тәрбиелеп отырған Гүлжанат Кәріпбекованың жанұясы осындай.
"Бес балалы болсаңыз, әсіресе, бәрі қыз болса, ешкімді бөлмей, оларды жаңа киімдермен қуантқың келеді. "Алтыналмас АК" АҚ арқасында күйеуім екеумізге бұл тағы да жәрдем болды. Компания бізге көмекті жыл сайын көрсетеді. Ауылдағылардың бәрі мұны біледі және олар да балалар сияқты асыға күтеді! Өйткені, балалар мектепке жаңасын киіп, аяқ киімін де алып дайын болса, онда әкесі мен анасының жүрегі тыныш қой. Бұл науқан әлі де ұзақ жылдар бойы іске ассын, ал қайырымды жандардың істері оңынан болсын, өйткені білімді балалар арасында бетке ұстар ұрпағымыз өсіп келеді", – деп көпбалалы ана Гүлжайнат Кәріпбекова қорытындылады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
