Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтын Орда" базарында жабық ғимаратқа көшуге қарсы саудагерлер әкімшілік өкілдеріне шабуыл жасады

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының аумағында тағы да шу шықты. Бұл жолы көшеден жабық ғимаратқа көшірмек болған саудагерлер әкімшілік өкілдеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі EGOV.PRESS телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет желідегі кадрлардан скринделген

Желілерде бірнеше әйелдің ер адамға жұдырықпен шабуыл жасағаны түсірілген видеосы тарап жатыр.

"Алтын Орда" базарының баспасөз қызметі кикілжің көшеде сауда жасайтын кәсіпкерлерге ғимаратқа көшу туралы ұсыныс жасалғаннан кейін туындағанын жеткізді. Саудагерлер жабық ғимаратқа көшуден бас тартқан соң, сауда алаңдары әкімшілігінің өкілдері кәсіпкерлердің тауарлары мен заттарын жинап, қоймаға апарған.

"Қазір базар әкімшілігі заңсыз тұрған саудагерлердің барлығын шығарып жатыр. Себебі олар ештеңе төлемей, әкімшілікті тыңдамауда. Сауда павильондарына кіргісі келмейді. Сондықтан оларға өздері тұрған жерді босату керектігі айтылды. Бұл жер Алтын Ордаға тиесілі болғандықтан, біз барлық саудагерлерді екінші павильонға жібердік", - деп хабарлады базардың баспасөз қызметі.

Екі мың саудагердің ішкі орынға көшуге келіссе, жиырма кәсіпкер базар әкімшілігінің шарттарына келіспейді.

 

Талқылау