Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Алтын іздеген": Ақмола облысында жоғалған 17 жастағы жасөспірім шахтадан табылды

Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның төменгі жағына түсіп кеткен жасөспірім табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

16 қыркүйекте 17 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы арыз түскен. 11-сынып оқушысы 13 қыркүйекте сабаққа келмеген.

“Дереу жедел-іздестіру шаралары жасалды. Жоғалған жасөспірімнің таныстары, ата-анасы, жақын туыстары, достарынан барлық мәлімет сұралды. Полицейлер жігіттің Бестөбедегі шахтаның төменгі жағына түсіп кеткені белгілі болды”, – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

17 қыркүйекте кәмелетке толмаған бала табылды. Жігіт алтын табу үшін шахтаға түскен екен.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанды ​​тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар жігіт күзеттегі нысанға заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында шахтадағы төтенше жағдайдан кенші мерт болғаны айтылды.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 20 Қыркүйек, 2024 11:28
Талқылау