Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты дәрігер студенттің жүкті екенін босанғанша анықтай алмаған

24 жастағы студент алты дәрігердің тексеруінен өтсе де, олар студенттің жүкті екенін босанғанға дейін байқамаған. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Daily Mirror

Ұлыбританиядан келген тарих факультетінің студенті Элли Джонсон жүкті екенін білмеген. Өйткені оның етеккір циклі бұзылмаған және іші үлкен болмаған.

"Менің дәрігерлерге баруымның себебі – ішім ауырды. Өзімді өте ыңғайсыз және салмақ қосып жатқандай сезіндім. Жүктілікті анықтайтын тест тапсырдым, ол теріс болды. Кейінірек тағы алты дәрігер жүкті емес екенімді растады", – деді Джонсон.

Әйел жүктілік ультрадыбыстық зерттеуде де, қан анализінің нәтижелері бойынша да анықталмағанын айтты. Бұл оның жүктіліктің барлық айында гормондарының деңгейіне әсер етуі мүмкін контрацептивтерді ішуіне байланысты болуы ғажап емес. Джонсон бала омыртқаға жақын орналасқандықтан, дәрігерлер оны байқамады деп ойлайды. Әйелдің іші әрең үлкейген.

Дәрігерлер студенттің денесінде ауырсыну тудыратын "дерт" бар деп ойлаған. Алайда ол соңында қыз баланы дүниеге әкелді. 

Бұған дейін бала кездегі ең жақын достар апалы-сіңлілі болып шыққанын жазған едік.

Талқылау