Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты балдық жер сілкінісінен 7 адам қаза тапқан: Хорватияда 2-қаңтар аза тұту күні болып жарияланды

Хорватияда 2-қаңтар зілзала құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды. Кеше болған алты балдық жер сілкінісінен 7 адам қаза тапқан. Марқұмдардың бірі 12 жасар қыз бала. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жерасты дүмпулері болған өңірлерде қиранды астында қалғандарды іздеу жұмысы түні бойы жалғасты. Әбден қорқып қалған тұрғындар үйіне кіре алмай жүр.

Табиғат апатынан Петриня қаласының жартысы бүлінген. Жергілікті аурухана да қирапты. Сусак қаласы да зілзаладан қатты зардап шеккен.

Апат ошағы Хорватия астанасынан 46 шақырым жерде. Тереңдігі бес шақырым. Жерасты дүмпулері Италия, Словения, Австрия, Чехия сынды бірнеше елде сезілді.


Жер сілкінісі туралы ең қызықты деректер

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Желтоқсан, 2020 09:37
Талқылау