AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алты баламды аяққа тұрғызсам деймін": Қатерлі ісікке шалдыққан алматылық азамат халықтан көмек сұрады

Алматыда алты баланың әкесі Олжас Бөлекбаев қазақстандықтардан қомақты ақша жинауға көмектесді сұрады. Ер адам тоқ ішек қатерлі ісігімен ауырады. Дегенмен дәрігерлер әлі үміт бар екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Алматы” арнасына сілтеме жасап. 

Олжас Бөлекбаев қорқынышты диагнозы – тоқ ішектің қатерлі аденокарциномасы туралы 2020 жылдың тамызында білген. Ол кезде әйелі алтыншы баласына жүкті болған. Отбасының болашаққа деген жоспарлары бір сәтте күйреді. Аурудың өршуі сонша, ер адамның миында метастаздар пайда болған.

Жеке емхананың хирургі Жанай Жусанов осыған байланысты бастың жағдайына мән беру керек екенін айтады.

Үш жылға созылған жанкешті күресте Олжас Бөлекбаев төрт рет қымбат операция жасатты. Тегін мекемелерде оған “үміт жоқ” деп айтқан. Қазір көп балалы әке соңғы операциясы алдында ұзақ уақыт химиотерапияны қажет етеді. Оған кем дегенде 10 миллион теңге қажет.

“Біздің іс қабылданбады, ұзақ уақыт зерттегеннен кейін бас тарту туралы хат кеді. Ал қазір осында болуымыз керек. Өмір сүру үшін емделуіміз керек. Ал емдеуге қаражатымыз жоқ. 2,5 айдан бері балаларымызды да көрмедік”,  - дейді науқастың жұбайы Милан Пайзаева.

Олжас Бөлекбаев жақсылықтан үмітін үзбейді. Ол емге ақша төлеу үшін әйелі пәтер мен барлық құнды заттарды сатуға мәжбүр болғанын айтады. Сондықтан ер адам аяққа тұрып, көп балалы жанұясын жалғыз өзі қамтамасыз етуді армандайды.

"Егер Алла Тағала маған халқым арқылы көмектессе, әрине, балаларыма оралғым келеді. Қыздарымды тұрмысқа бергім келеді. Ұл бала да өседі, оны да үйлендіреміз. Әрине, осылар туралы армандаймын", - деді науқас Олжас Бөлекбаев.

Мамандар Олжас Бөлекбаевтың диагнозын өте қиын деп санағанымен, оң болжамдарын айтуда. Дерттен толық айықпаса да,  ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі бар.

"Тәжірибемде тіпті ешқандай мүмкіндік жоқ деген пациенттердің де емделіп шыққандары бар. Әрине, оларға екі-үш ай уақыт берілді. Біз оларды жеке емдеуді бастағаннан бері, міне, ол науқастар үшінші жыл аман-есен жүр", - деді жеке клиниканың онкологы Данияр Жұматаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр