Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алты айдан бері тағып жүрмін": Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты

Танымал әнші Жанар Айжанова саусағын сындырып алғанда өзі емдеп жазғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі сынған саусағын дәрігерлердің емдей алмағанын көрсетті. 

“Былтыр саусағым сынды. Соған гипстен соғылған күміс жүзікті тағып алдым. Арнайы зергерге барып, жасаттым. Негізі бұл – оймақ пен шошақ жүзік. Сынған сүйектерді емдейді екен. Ата-бабамыздың даналығында сөз жоқ. Алты айдан бері тағып жүрмін. Сүйектері орнына келіп, сіңірлері жалғаныпты. Әйтпесе осы саусақты Сызғанов емханасының хирургтары емдей алмап еді”, – деді әнші. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің сөзін растап жатыр. 

“Сызғанов клиникасына тек ақша керек”, “Марқұм әжем де күміс тағып жүретін”, “Жанар апай кемпірдің қызы, көп дүние біледі”, “Ата-әжелеріміз ненің пайдалы, пайдасыз екенін біліп өткен”, “Жанардың аузы ашылса, көмейінен біз білмейтін салт-дәстүр төгіледі”, – деп жазды көпшілік. 

 

Талқылау