AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі төбет тұрғындарды талап тастаған

Алматыда шағын аудандардың бірінде ротвейлер тұқымды екі ит бір күнде алты адамды талаған. Зардап шеккендердің кейбірі дәрігер көмегіне жүгінген. Тұрғындардың айтуынша, иттер үй іргесіндегі жеке компанияның ауласында жүреді. Егер босап кетсе, маңайдағы жұртқа қырғидай тиеді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

ротвейлер

Шағын аудан тұрғындары балаларын аулаға шығаруға қорқатынын айтады. Олар полиция қызметіне де жүгінген, алайда тек әкімшілік айыппұлмен шектеліпті. 

Юрий Трудов бес күн бұрын үш жеткіншекті қабаған иттерден ажыратып алыпты. Дегенмен ротвейлерлер өзін де талаған. Жеткіншектердің айтуынша, кешкілікте аулада отырған кезде қос ит шапқан екен. Түрлі жарақат алған олар иттердің адам өлтіруі де мүмкін екенін айтады. 

"Аулада тыныстап отырған едік. Екі ит жүгіріп келіп, бас салды. Күшіміз жеткенше қорғандық. Алайда ротвейлерлер барлығымызды тістеді. Киімдеріміз жыртылды, жарақат орындары да әлі ауырады. Аяғымдағы жарақаттан екі күн жүре алмай қалдым", - дейді Владислав Полещук.

"Айқайлаған дауыспен қатар иттердің үргенін естідім. Қолыма таяқ ұстап, сыртқа шықтым. Аулада иттер екі жігіт пен қызды талап жатыр екен. Таяқпен ұрғаным сол еді, өзіме қарай ұмтылды. Артқа шегіншектеп келе жатып сүрінгенде, ит оң аяғымды тістеді”, – деді Юрий Трудов 

Жапа шеккен төрт адам жедел жәрдем шақырып, ауруханаға барған. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіліп, құтыруға қарсы екпе де салыпты. Шағын аудан тұрғындарының айтуынша, күндіз ротвейлерлер тағы екі адамды талаған. Зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін екен. Қазір олар балаларын аулауға шығаруға жүрексінеміз дейді. 

Елдің үрейін алған қос ротвейлер үй маңындағы жекеменшік компанияның ауласында жүреді екен. Алайда олардың қалай сыртқа шығып кететін ешкім білмейді. Бастапқыда компания басшысы зардап шеккендерге көмек көрсетіп, өтемақы төлейтінін айтқан. Бірақ уәдесінде тұрмады деп ашынады жергілікті тұрғындар. 

Жекеменшік компания басшысы сұхбат беруден бас тартқан. Ал тұрғындар арыз жазғанымен, полиция қызметкерлері тек әкімшілік айыппұл жазып беріпті. Тіпті иттерде аурудың бар-жоғы да тексерілмеген. 

"Аталмыш дерек бойынша 1976 жылы туған Б. есімді азаматқа қатысты Әкімшілік кодекстің 408-бабы 2-тармағына сәйкес хаттама толтырылып, жауапқа тартылды. Айыппұл көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрады", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

Тұрғындар іс оң шешілмесе, сотқа шағым түсіретінін айтады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр