AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтай Көлгінов екі мың азаматты қабылдады

Қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін елорда әкімі Алтай Көлгінов апта сайын азаматтарды қабылдайды.

2019 жылдың жазынан бастап 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елорда әкімі екі мың тұрғынды қабылдады. Мысалы қала басшысы биыл алты айда 250-ден астам қала тұрғынының проблемасын шешуге көмектесті. Пандемияны ескере отырып, азаматтарды қабылдау онлайн-режимде жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифингте қала тұрғындарын әлеуметтік көмекпен қамту үшін қандай шаралар қабылданғанын айтты.

“Елордалықтар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік көмек алу, білім алу, жұмысқа орналасу, медициналық көмек секілді түрлі проблемаларды көтереді. Тікелей көмек көрсету үшін ғана емес, әлеуметтік көмекпен тұрғындарды барынша көп қамту үшін бірқатар маңызды орталықтар ашылды. Мысалы, 2020 жылдың күзінен бастап тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32) жұмыс істейді. Онда тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері секілді түрлі проблемалардың шешім жолын білуге болады.

Ал әлеуметтік мәселелерді шешу үшін "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14) ашылды. Онда "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 25 мыңнан астам тұрғынға көмек пен кеңес көрсетілді.

Сонымен қатар қалада iQala қалалық қызметтер орталығы (Қошқарбаева, 29) жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғын үй-коммуналдық секторды "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру қызметін алуға болады. Бұрын қызмет көрсету регламенті болмаған: қала тұрғыны барлық монополистерді аралап жүріп, әрқайсысымен жеке-жеке шарттар жасасып, жиі-жиі хабарласып, құжаттардың дайын болғанын білуі тиіс еді. Бұл шамамен бір ай уақытты алатын. Қазір iqala.kz сайты арқылы өтініш беріледі, ал 3-5 күн ішінде құжаттардың дайын екендігі туралы SMS хабарлама келеді.

Өткен айда жастарға қызмет көрсету орталығы (Гете,1) ашылды. Мұнда жастар білім алу, жұмысқа орналасу секілді өзекті мәселелер бойынша кеңес ала алады. Осы әлеуметтік орталықтардың жұмысын күшейтуді ары қарай да жалғастырамыз", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Бұдан басқа, азаматтарды қабылдау кезінде келіп түсетін мәселелерді ескере отырып, оқуға бөлінетін гранттар саны ұлғайды, оңалту және медициналық орталықтар, балаларға арналған демалыс орталықтары мен үйірмелер, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) мен аулалар желісі кеңейтілді, сондай-ақ бұзылуға, күрделі жөндеу жүргізуге жататын апатты үйлер және т.б. тізімге енгізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр