Алсудың өкілі "Голос" шоуындағы дау туралы: Микелла дарынды болғаны үшін кінәлі ме?
Ресейлік әнші Алсудың өкілі Нина Пономарева «Голос. Дети» шоауында дауыс беруге қатысты бұрмалаушылықтар болғанын жоққа шығарды. Аталған байқауда әншінің қызы Микелла Абрамова жеңіске жетіп, соның салдарынан дау туындаған еді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Микелла не үшін кінәлі? Дарынды болғаны үшін бе? Әлде дарынынан бөлек ақшасы болса, бәрін сатып алады деп ойлайсыздар ма? Біздің жағдайда «жоқ» деп айта аламын. Өздеріңіз байқағандай, біз ақтық кезеңге ән дайындамадық. Себебі адамдар оны таңдайды деген ойымыз болған жоқ», - дейді Пономарева.
Әншінің баспасөз хатшысының сөзінше, Микеооа 5 жасынан бері «Голос» шоуына қатысуды армандапты.
Сонымен қатар Пономарева Микелланың жеңісінен кейін, Алсуға қоқан-лоққы жасалып жатқанын ашық айтты.
Еске сала кетсек, "Голос. Дети" шоуының финалы мен суперфиналы 25 сәуірде өтті. Екі кезең бойынша Абрамова ең көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның тәлімгері әнші Светлана Лобода болған еді. Желі пайдаланушылары байқаудың қорытындысын сатып алынған, ал өнері — масқара болды деп шулады. Абрамованың финалда орындаған әндері желіге жүктелген екі сағат ішінде 4,6 мың дизлайк жинап, ұнату белгісін басқан адамдар саны 862 ғана болған.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
