AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлсіреп құлай кеткен: Қарағанды облысында өрт сөндірушілердің әсерлі фотосы жарияланды

Ұлытау ауданында дала өрті толығымен жойылды. Жалын 40 мың гектарға жуық жерді шарпыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды. Өрттің ең үлкен аумағы 2 ауылдық округ – Жангелді және Ақтас аумағында болды. 28000 га алаңда құрғақ шөп өртенді, жалын 7 шілде күні 18:10-да ауыздықталып, 8 шілдеде 21:00-де толықтай өшірілді. Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде 4 шілде күні сағат 19:20-да 4700 га алаңда құрғақ шөптің жануы тіркелген. Өрт 7 шілдеде 17:20-да ауыздықталып, 8 шілде 21:00-де жойылды.

Департаменттің баспасөз қызметі өртті жойғаннан кейін жерде демалып жатқан өрт сөндірушілердің суреттерін жариялады.

 

Еске сала кетсек, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл елдімекенінің 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір туған ауылының маңында пайда болған дала өртін сөндіріп жатқанда көз жұмған болатын. Марқұмның әкесі жігіттің өртті сөндіруге өз еркімен барғанын айтады. Ол әкесінен көлікті айдауға рұқсат сұрап, өрт шыққан аймаққа кеткен. 

Айта кетсек, 5 шілдеде Қарағанды облысын дала өрті шарпыды. Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек, т.б. ауылдар алаудың ортасында қалған. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр