Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алпауыт елдердің қақтығысы ҰҚШҰ елдеріне қаупін тигізеді – Тасмағамбетов

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов алпауыт елдердің өзара айқасуы ҰҚШҰ-ға мүше елдерге қауіп төндіретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Тасмағамбетов

Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XI кездесуінде айтты.

"Халықаралық-саяси ахуалдың нашарлауы, жаһандық және өңірлік деңгейде қарсыласудың күшеюі халықаралық қатынастар жүйесін басқару деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде “саяси ойыншылардың” геосаяси және геоэкономикалық мүдделерінің қиылысу нүктесінде дағдарыстық жағдайлар пайда болуы мүмкін. Жағдай гибридті технологияларды қолдану арқылы күрделене түседі, бұл ұлттық егемендіктің бұзылуына қауіп төндіреді", – деді Тасмағамбетов. 

Оның айтуынша, халықаралық ұйымдардың беделінің түсуі жағдайды нашарлатып жатыр, бұл біздің мемлекеттеріміздің ұлттық қауіпсіздік жағдайына теріс әсер етеді.

"Өкінішке қарай, жаһандық деңгейдегі қарама-қайшылық аймақтық деңгейлерде көрініс табады, соның салдарынан ескі проблемалар күшейіп, жаңалары пайда болады. Оларды шешу үшін қосымша күш-жігерді қажет етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында субөңірлік ынтымақтастықтың рөлі артып келеді, өйткені көбінесе жергілікті проблемалар ерекше сипатқа ие, бірде-бір жаһандық халықаралық ұйым оны шеше алмайды", – деді ҰҚШҰ бас хатшысы.

Тасмағамбетов деструктивті мақсаттарды көздейтін сыртқы күштердің араласуынан жергілікті проблемалар аймақтыққа айналуы мүмкін екенін айтты.

"ҰҚШҰ-ның жауапкершілігіне аумақтық даулар, шекара мәселесі және шекара маңындағы қақтығыстар кіреді. Мәселен Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы жанжалд делдалдарсыз және мемлекет басшыларының күш-жігерінің арқасында шешуге болады. Жалпы шекара учаскелерін делимитациялау және демаркациялау жұмыстары жүргізілуде", – деді спикер.

Оңтүстік Кавказдағы қиын жағдай туралы айта отырып, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағының оңтүстік шекараларында терроризм, заңсыз көші-қон және қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымының таралу қаупі туралы айтты.

“Террористік және экстремистік элементтердің инфильтрациясы Ауғанстандағы күрделі жағдаймен ғана емес, Ауғанстанмен шекаралас аймақтардағы тұрақсыздықпен де байланысты. Мұның бәрі ҰҚШҰ-ның тәжік-ауған шекарасының учаскелерін нығайту жөніндегі нысаналы мемлекетаралық бағдарламасының жобасымен жұмысты жедел аяқтау міндетін өзекті етеді. Орталық Азияда су ресурстарын пайдалану мәселесі де маңызды. Бұл да қақтығыстың пайда болуына түрткі болады", – деді ҰҚШҰ басшысы.

Талқылау