Алматының Арбатында мейрамхана ғимараты өртеніп жатыр (фото)
Алматыдағы Арбатты Жібек жолы мен Панфилов көшелері қиылысындағы ғимарат өртке оранды.
ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлағандай, оқиға орынына өрт сөндірушілер келіп, жағдайды тұрақтандыруға күш салуда.
“Қазіргі таңда бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Өрттің шыққан ошағы әлі табылмады. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін қазір жұмыс жүріп жатыр”, – деді ол.
Оқиға орынында 22 техника бірлігі мен қалалық өрт сөндіру қызметінің 79 адамнан тұратын жеке құрамы жұмылдырылған.
Онда бірнеше мейрамхана орналасқан ғимараттың шатыры жанып жатқаны айтылған.
Талқылау