Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға тегін үй бердім деген экс-әкім Есімовтың көзбояушылығы әшкере болды

Алматыда кезінде үйлерін су шайып кеткен Шаңырақ ықшамауданының тұрғындары Ахметжан Есімовке өкпелі. Ол шаһар басшысы болғанда тасқыннан зардап шеккен жұртқа жаппай жеңілдікпен баспана салдыртып, ал жерін көмек ретінде бергізген екен. Бірақ арада жеті жыл өткенде, ол телімдер тегін болмай шығып, кезінде қала әкімімен бірге қоныс тойын тойлаған жұрт енді далада қалайын деп тұр. Бұл жайлы КТК хабарлады.

59c360f618b7c3352fca43e5eb029975-big

Фото: Forbes.kz

Су тасқынының соңы қоныс тойына ұласып, ал кілтін сол кездегі қала әкімі Ахметжан Есімовтың өзі табыстаған. Енді арада 7 жыл өткенде қайтадан шырылдап қалды. Өйткені кезінде мемлекет есебінен жәрдем ретінде үй салып берген шенеуніктер оны жекешелендіруге келгенде тағы ақша сұрапты.

“Үкіметтен сатып алуларың керек дейді. Ал Үкімет бізге тегін берді ғой жерді. 270 мың келісімде жоқ. Ол ақшаны біз неліктен төлеуіміз керек. Барлықтарында да кредиті бар мойындарында. 7 жыл бойы өздері әрең төлеп келгенде, енді келіп тағы да 270 мың теңгені қайдан төлейді ол”, – дейді Нұрлыхан Малдыбеков.

Дина Нүсіпбекова үйінің ақысын былтыр төлеген. Бірақ әкімдіктегілер оған нақ осы 270 мың теңгені тауып бере алмағаны үшін пәтерін жекешелендірмей қойыпты.
“Су тасқынынан зардап шеккендерге берілген баспананың өзі бар-жоғы бір жарым бөлме. 24 шаршы метр. Бірақ соның өзі 7 жылға жалға бергендер бір жанұяда тіпті 7-і бала болса да, сол бір жарым бөлмеге жарты бөлме қосуға да рұқсат етпепті”, – деді Дина Нүсіпбекова.

Жұрт бұл шартын да орындаған. Бірақ, шенеуніктер уәдесінде тұрмады. Өйткені Есімов кезінде тегін деп үлестірген жерлер 7 жыл өткенде уақытша қолдана тұруға берілген боп шықты.

“Жер де, үй де тегін берілген жоқ. Тек қолдана тұруға ғана берілді. Жекеге берілсе тек үй беріледі. Заңға сәйкес тұрғындар жерді жекеге алу үшін сатып алуы қажет”, – дейді Алматы қаласы әкімдігі күрделі құрылыс кәсіпорны ЖШС заңгері Александр Романчиков.

Осылайша, кезінде үйін су шайған шаңырақтықтарға бұл жолы да шаңырақ бұйырмай тұр. Өйткені жердің ақысы тез арада төленбеген жағдайда, Есімов табыстаған кілттер кері қайтарылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ғаламторды шулатқан бейне: Мәжілісменге ұқсайтын ер адам балағат сөздер айтып жатыр (видео)

Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары «Қазақавтожол» басшылығынан пара алу кезінде ұсталды

Астанада алматылық бойжеткен кафеден өзгенің тонын киіп кетіп қалған (видео)

Шымкентте құны 10 миллион теңге тұратын көкпар жылқысы ұрланды

Талқылау