Алматылық жігіт жол ақысын төлемей, такси жүргізушісіне оқ жаудырды
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында жол ақысын төлемей такси жүргізушісіне оқ жаудырған жігітке қарсы үкім шықты. Оқиға қаладағы кафелердің маңында болған.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Тексеру барысында айыпталушының газ тапаншаны заңсыз жолмен алғаны анықталды. Айыпталушы өткен жылдың қазан айында досымен бірге қаладағы барлардың бірінде кездескен. Кейіннен, жолдасы екеуі басқа кафеге баруды ұйғарып, көшеден такси ұстаған. Олар такси жүргізушісіне 500 теңгеге Бөгенбай батыр көшесіндегі кәуәпхана апаруын өтінген. Тиісті мекен-жайға жеткізген такси жүргізушісі жол ақысын төлеуді талап еткен. Алайда, айыпталушы жол ақысын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін, жүргізуші мен жігіттер арасында дау туған. Нәтижесінде айыпталушы сөмкесінен газ тапаншасын шығарып, жүргізушіге оқ атқан.
Тапаншаның оғы кафеге келген қонақтардың көлігінің терезесін сындырған. Оған қоса, такси жүргізушісінің бетін жарақаттаған. Шуды естіген кафе қонақтары айыпталуышыны қолға түсірмекші болады. Алайды, ол тапаншамен қонақтарды қорқып, артынша ізін суытқан.
Оқиғадан кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Айыпталушыға қарсы ешқандай шағым түсірмейтінін айтып, оны бас бостандығынан айырмауын өтінді.
Сот айыпталушыны қылмыстық кодекстің 287 (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 107 (денсаулыққа орташа ауырлықта зиян келтіру), 293 бабына (бұзақылық) сәйкес кінәлі деп таныды. Айыпталушы 3 жыл 9 ай бас бостандығынан шектетілді.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада көпқабатты үй тұрғындары есіктеріндегі белгілерден қорқып отыр
Қарағандыдағы оқушы өлімі: Желідегі бейтаныс жігіт оқушы қыздан арқанмен селфи жасауын талап еткен
60 жастағы ер адам Ақтау тұрғындарын спорттық шайқасқа шақырды (видео)
Астанада көпқабатты үй тұрғындары есіктеріндегі белгілерден қорқып отыр