Алматылық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады (фото)
Алматыдағы Ботаникалық бақта жазғы кинотеатрға келушілер ерекше көріністің куәсі болды. Алматылық жігіт іс-шара аясында сүйіктісіне ұсыныс жасаған.
Бұл туралы “Казахстанский бродвей” кинопорталы хабарлайды.
Жазғы кинотеатр әдеттегідей 19:30-да басталған. Фильм арасындағы үзіліс кезінде сахнаға көтерілген Димаш Нұрсейітов өзінің қызына деген махаббатын білдіріп, ұсыныс жасады.
Қыз үшін бұл мүлде күтпеген жағдай еді. Ол сөйлеп тұрған сәтте экранда екеуінің суреттері көрсетілді.
Жас жігітті қолдауға оның достары құшақ-құшақ гүлдерімен келген.
Таңғалған Әсем жігіттің ұсынысын ризашылықпен қабыл алды. Ал кинотеатрға жиналғандар болса екі жастың махаббатына еріксіз қол соқты.
Оқи отырыңыз:
Астанада сұғанақтар аялдамадағы кітап сөресін тонап кетті
Қазақстанда медбикелерге шоколад сыйлау заңға қайшы ма?
Зейнеткер әйел базарда 2 миллион теңгесі бар әмиянын ұрлатып алды
Қазақстандық азамат Мақсат Үсеновтің ұшақтағы тәртіпсіздік әрекеттерін айтып берді (видео)