Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны өзінде мүлдем болмаған көлік үшін салық төлеп жүр

Алматылық тұрғын өзінде мүлдем болмаған көлік үшін салық төлеуге мәжбүр. Қазір құзырлы орындардың табалдырығын тоздырған ол, әділет іздеп шарқ ұрып жүр. Деректер базасында оның атында ескі көлік бар екендігі анық көрсетілген. Бірақ тұрғынның сөзінше ондай көлігі ешқашан болмаған.

39 жастағы Дмитрий Продедов бірнеше жылдың жүзі өтсе де әлі әділеттілік іздеп сандалып жүр. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына, қазіргі көлігінің салығын төлеуге барған оған тағы бір көлікті қосып беріпті. Мәселенің барлығы, халық арасында «запарожец» аталып кеткен, ЗАЗ көлігінен басталған. Дмитрийдің айтуы бойынша осы уақытқа дейін, онда бұндай көлік мүлдем болмаған, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Менің пайымдауымша, бұл қызметкерлердің жұмысына салғырт қарауынан орын алып отыр. Болмаса, қасақана істелген жайт. Қазіргі жағдайға қарағанда, әдейі істегенге саятын секілді»,- деді Дмитрий Продедов.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Дмитрийге аталмыш көліктің өзіне тиесілі екендігін растайтын құжат беріпті. Аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі сай келгенімен, мекен жайы мүлдем басқа. Ашынған тізгінші ешқандай құжатқа қол қоймағанын айтуда.

«Қандай да бір мекемеге келіп құжат болсын, бағалы қағазды алған кезде қол қояды емес пе? Егер әлгі көлік шынымен маған тиесілі болса, онда мен қол қойған құжатты көрсетсін»,-дедіДмитрий.

«Ішкі істер басқармасының берген мәліметі бойынша, бұл кісінің 1999 жылы алған осы көліктің техпаспорты дейміз ғой және де мемлекеттік нөмірін алған реестрі бар. Сол жерге алып қойған қолы бар екен. Сол құжатының көшірмесін хатымен бірге жолдайды»,-деді Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Айгүл БАайханова.

Бейнематериалды түсіру барысында осыған ұқсас оқиғаға тап болған тағы бір адамды таптық. Сергей Устинов осыдан екі жыл бұрын өзінің атында КАМАЗ жүк көлігінің бар екенін біледі. Ешкімге болмаған көлікті дәлелдей алмаған соң, салығын төлеуге тура келген.

«Бұрын соңды түрін көрмеген көлікті сенің атыңа тіркеп қойғанда және ешкім оны түсіндіріп бере алмаса, міне нағыз мәселе осы да болып тұр. Барлығының айтатыны біреу – Аты-жөнің мен жеке сәйкестендіру нөмірі саған тиесілі ме, онда өзің дәлелде деп айтады»,- деді Сергей Устинов.

Жауаптылардың айтуынша, 2009 жылға дейін, 20 жылдан асқан көліктерге көлік салығы салынбапты. 2009 жылдан бері қарай мұндай көліктерге иелері өздері есептеп төлейді екен салықты. Ал 2014-ші жылғы өзгерістерге сәйкес, салық орындары қайта есеп жүргізе бастаған. Қалалық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандандырылған ХҚКО-да азаматтық бақылау жобасын іске қосқан. Мәлімет бойынша, аталмыш мәселемен 6 адам шағымданыпты.

Тағы да оқыңыз:

Сотталып жатқан Бишімбаевтың ісіне кәсіпкер Мұратбек Тоқмәдидің қатысы болуы мүмкін

Атырауда қоқыс арасынан нәрестені тапқан азамат мән-жайды баяндап берді

Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған

Талқылау