Алматылық тұрғын Бауыржан Байбектің есеп беру жиынының шырқын бұзбақшы болды
Алматы әкімінің есептік кездесуі алдында Дильнар Инсенова есімді тұрғын ұсталды. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметі хабарлайды.
Фото: ҚазАқпарат
“Алматы әкімінің тұрғындарға арналған есеп беру жиыны алдында Дильнар Инсенова есімді тұрғын ұсталды. Ол топпен бірге бірігіпнесие қарызына байланысты банкпен екі арада пайда болған жеке бас мәселесін шешу үшін іс-шараны бұзбақшы болды”, – делінген хабарламада.
Ұсталған азаматша қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілген. Еске сала кетсек, бүгін Алматы әкімі халық алдында есеп беріп, атқарылған шаруаларды баяндады.
Оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскерилермен қоштасты
Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды
Талқылау