Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық өнертапқыштар көлікке арналған жанармай үнемдейтін құрылғы ойлап тапты

Алматылық өнертапқыштар автокөлікке арналған жанармай үнемдейтін құрылғы ойлап тапты. Тың аппаратты мамандар үйлерінде құрастырады екен.

Үнемдегіш жабдыққа тіпті Ресейден тапсырыс түскен. Өнертапқыштар құрылғыларын әлі патенттемеген, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Рахат Файзоллаұлы Алматылық кәсіпкер. Ол, үнемдегіш құрылғыны алғаш орнатқандардың бірі. Күніне 70 шақырым жүреді екен. Айтуынша, аппаратты орнатқалы бері жанармай шығыны айтарлықтай азайған. Одан бөлек көлік жеңіл қозғалатын болды дейді.

«Енді былай, өзім сезгенім – машинаның күші көбейген секілді. Оталу қабілеті кішкенедұрысталған. Содан кейін жолда жүрген кезде жылдамдық динамикасы өзгерген сияқты»,-деді Рахат Файзоллаұлы.

Құрылғы ешқандай да зауытта құрастырылмайды. Мамандар мұны үйде жинаймыз дейді. Оған бар болғаны 2-ақ сағат уақыт кетеді екен. Аппараттың жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Бірақ мұның ішінде қандай жүйе орналасқанын, оның қалай жұмыс істейтінін өнертапқыштар бізге айтқан жоқ. Себебі, идеямызды басқа біреулер ұрлап алуы мүмкін дейді.

Үнемдегіш жабдықты құрастыруға 1 жарым жыл уақыт кеткен. Ал, алғашқысын 2016-шы жылдың тамызында көлікке орнатыпты. Құрылғы сәтті шыққаннан кейін, сата бастаған. Ал, жабдықты әлі патенттемепті.

«Бұны Қазақстан аумағында патенттеу қиын боп тұр. Біз бұның патентін шетелден жасауға байланып отырмыз.  Бірақ бұның сапа сертификаты бар. Яғни, зиянды ешқандай энергия сыртқа шықпайды деген сөз»,-деді Өнертапқыш, Шоқан Оразаев.

Үнемдегіш құрылғыны Алматыда 25-тен аса адам көліктеріне орнатып үлгеріпті. Сонымен қатар, Ресейлік жүргізушілер де сатып алған көрінеді. Идея авторларына шабыт берген Никола Тесла мен Джон Бединидің ғылымда ашқан инновациялық жаңалықтары.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда 7 қызы бар отбасы «Алтын» алқаны ломбардқа да өткізе алмаған

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі

ОҚО тұрғыны үйінің ауласын зообақ секілді жасап тастаған (фото, видео)

Талқылау