Алматылық қыз "Алтын белгіні" сыйлыққа алды
Астаналық Алиса Нұрғалиеваның “Алтын белгісі” ендігі кезекте алматылық Рабиғи Сүлейменоваға тиесілі.
Алиса Нұрғалиеваның айтуынша ол “Алтын белгі” оның өмірлік жолын ашады деп есептеген. Бірақ, бәрі ойлағандай бола бермейді. Сол себепті “Алтын белгіні” пайдасыз деп есептеген ол, марапатты басқа біреуге табыс еткісі келіпті.
“Мектептегі сабақ үлгерімі ештеңені де шешпейді. Үшке оқыған бала бизнес ашып, өркендеп кетуі мүмкін. Түлектер алтын белгі мен бағаға бекер ұмтылады”, – дейді ол.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына хабарлама іліп, өзінің “Алтын белгісін” тілек білдірген адамға беруге дайын екенін айтқан. Ол үш аптадан соң марапаттың жаңа иесін тапқанын да жариялады.
“Мен медалімді алматылық Рабиға Сүлейменоваға бердім. Айтуынша оның қызыл диплом алуына бір балл жетпей қалған. Ол өмірімде осындай жағдай жиі болады, үнемі армандаған дүниеме кішкене жетпей тоқтаймын дейді. Ондай адамдарды қолдау керек”, – дейді Алиса.
Оқи отырыңыз:
Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді
Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды
Айгүл Болатханқызы: Біздегі бағдарламалар қазақты қайыршылыққа үйретіп жатқан сияқты
Ақтөбелік мүгедек бала әлеуметтік желі арқылы бизнесін дөңгелетіп отыр