Алматылық келіншек кекілін тым қысқартып жіберген шаштаразбен соттаспақ
Алматылық келіншек туған күнінің қарсаңында сұлулық салонына барғаны үшін өкініп жүр. Шаштараз оның кекілін түбінен кесіп тастаған екен. Келіншек одан кешірім сұрата алмаған соң, ақыры полицияға арыз жазып тынған. Енді тұтынушылар қоғамына баруды жоспарлап отыр. Ол заңгерлерден осы мәселеге қатысты ақыл-кеңес сұрады.
Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.
«Өзім Алматы қаласының тұрғынымын. Бүгін үйдің жанында орналасқан салонға кекіл қысқартуға кіріп, соңында миллиция шақырумен тоқтадық. Балама телефонымды беріп, отырғызып қойдым. Шаштараз осы уақытта кекілімді тым қысқа етіп кесіп тастапты. Суретке түсіріп, сақтап қойдым. Тіпті, менен кешірім де сұраған жоқ. Керісінше кінәні өзіме жапты. «Балаға қарай бұрыла бердің» деп ұрысып шықты. Кекілімді түбінен кесіп тастапты. Мен ашуланып бастықтарын шақыруын талап еттім. Мұныма көнбеді. Ішінде тағы бір қызметкер өтіріктен өзінің бастық екенін айтты. Екі сағаттың ішінде менен бір рет те кешірім сұраған жоқ.
Күйеуімді шақырып, моральдық шығынды өтеуін талап еткіздім. Оған да көнбеді. Ақыры милиция шақырып, бір-біріміздің үстімізден арыз жазып тындық. Маған дөрекі сөздер айтып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған едім. Бір уақытта дәретханаға кіріп алып шықпай қойды. Мен «Неге бұлай кескеніңді түсіндір» деп қоймаймын. Енді ертең тұтынушылар қоғамына баруды жоспарлап отырмын. Араларыңызда заңгерлер болса, кеңестеріңізбен бөлісе отырыңыздаршы. 2-3 күннен кейін менің туған күнім болады. Мына шашыммен қалай жүрерімді білмей отырмын. Негізі үнемі осы салонға баратынмын. Шаштараздары ауысып кетіпті. Басында дұрыс кесе алатынын айтқан болатын», – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ қызы жігіт мен оның әйелінің ұсынысынан кейін талып қала жаздаған
Келіншек бедеу күйеуіне ауыр сөздер айтқаны үшін өзін кешіре алмай жүргенін айтты
Қазақ жігіті көңілдесімен қашқан әйелін кешіруге дайын екенін ашып айтты
Жақында босанған келіншек күйеуінің суық қабағынан қорқатынын айтып жылады