Алматылық қария ардагерлер үйі қызметкерлерінің газет сатуға мәжбүрлейтінін айтып жылады (видео)
Алматыдағы Ардагерлер үйіндегі қария өзін газет сатып, ақша табуға мәжбүрлейтінін айтып жылады.
Видео Инстаграм желісінің ztb_video тобында жарияланды.
Видеоны жолаушының бірі түсіріп, желіге жариялады. Оның айтуынша, қария жабық тұрған қақпа ішінде тұрып, көшеде өткендерден газет сатып алуын өтініп тұр.
“Қақпаның арғы жағында тұрған қария жолаушылардан газет алуын өтініп тұр. Бір орнында тапжылмай ұзақ уақыт тұрды. Жүргіншілердің ешбірі оған мән беріп қарамайды. Газетті 35 теңгеге сатады екен. Қарттар үйіндегілердің далаға шығармай, газет сатқызатынын айтты. Зейнетақысын да қолға алмайтын көрінеді.
Ардагерлер үйінің қызметкерлері үш уақыт тамақ беріп киіндіреді екен, бірақ кешігіп қалса аш қалдырады. Кей жандар тамақ әкеп беріп кетеді. Бірақ не себепті қариялар газет сатып, көшедегілерден тамақ сұрауы керек?”, – деп жазды қариямен сөйлескен жан.
Ардагерлер үйі Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан.
Тағы да оқыңыз:
Рамазан айының соңғы он күнін қалай өткізген дұрыс?
Ахметжан Есімов ЭКСПО туралы Атамбаевтың “қызғанышына” жауап берді
Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтің интимді суреттері жарияланды