Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер сүт қоспасының сәби өміріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты

Алматылық ақ халаттылар сүт қоспасының сәби өміріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты. Өйткені, жасанды сүттен дамыған елдер бас тартып, оны өндірушілер Қазақстанда саудасын қыздыруға көшкен, деп хабарлайды КТК.

Ешқандай ұнтақ ана сүтінің орнын баса алмайды. Сондықтан, дәрігерлер мұндай өнімдердің жер жарған жарнамасына сенбеуге шақырды.

Тіпті, қоспаның әлсіз баланың денсаулығын одан әрі нашарлатып жіберетінін ғалымдар дәлелдепті. Бірақ, әйелдер жасанды сүтке әбден үйреніп алған. Қазір еліміздегі аналардың 38 пайызы ғана баласын өзі емізеді. Негізі сәби дүниеге келгеннен кейін, кемі 7 айға дейін ана сүтін емулері керек.

Ондай балалар арасында өлім-жітім қоспа ішкендермен салыстырғанда 10-15 есеге аз болады екен. Емізудің баланың ақыл-ойының дамуына да пайдасы мол. Ал, ананың өзі ешқашан сүт безі ісігіне шалдықпайды. Сондықтан, дәрігерлер нәрестені табиғи сүтпен емізу қажеттігін қайталаудан жалықпайды.

“Ана сүтімен тамақтанған нәресте ересек болған кезде бұл кісіде мысалы инфаркт аз болады, қант диабеті аз кездеседі. Экономикалық жағынан да, ана егер де сүт қоспасын да сатып алса, бұған өзінің отбасылық бюджетінен ақша бөлу қажет”, – неонатолог Бектұрған Карин.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік ата-ана: Қыздарымның басы биттеп кеткен соң орамал тақтық, қажет болса бүгін-ақ шешіп тастаймыз

 

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Талқылау