Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Сәрсенбі, 1 Қараша , 2017 21:15

Сыра сатпаймын деп, ажал құша жаздады! Маңғыстау облысында сатушы қыздың қызметіне көңілі толмаған азамат оның бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберген. Денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат Қозыбайдың қазір жағдайы ауыр. Ал уайымға салынған Сымбаттың жақындарын алаңдатып отырған бұдан өзге тағы бір жағдай бар, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ол – полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты. Оның айыппұлмен құтылып кететініне сенімді жәбірленушінің туыстары енді прокуратурадан көмек сұрап отыр.

Осы оқиғадан кейін беті мен мойны, аяқ-қолы, кеуде тұсы күйіп, ауруханаға түскен 20 жастағы Сымбат Қозыбай өз-өзіне әлі келе алар емес. Айтуынша, өзін осы жағдайға душар еткен азамат таңғы 5-те асханаға келіп, сыра сатуды талап еткен. Бірақ заңды  бұзудан бас тартқан сатушының бұл әрекеті жігіттің ашуына әбден тисе керек, ыстық май құйылған қазанды бұған қарай теуіп жіберіпті.

“Спирт сатуға тыйым салынғанын түсіндірдім. Сол кезде тұрды да,  майды бір тепті. Олар отбасымен кешірім сұрауға келді.. Келгенде де кешірім сұраған жоқ, өз жағдайларын айтып кетті”, – дейді Сымбат Қозыбай.

Бірақ Сымбаттың туыстары қазір қыздарының көркін құртқан азаматтан гөрі полицейлерге ашулы. Өйткені олар күдіктіні іле-шала ұстағанымен, аз уақыттан соң босатып қоя беріпті.

“Мен мына құзырлы орындардың жүргізіп жатқан істеріне қанағаттанбаймын. Қызымның жатысы мынау. Мұны бұзақылық дейді. Бұл 106 баптағы қасақана шабуылға жатады. Сол үшін құзырлы орынға бұл іс-шараға бей-жай қарауына жол бермеймін”, – дейді Сымбаттың әкесі Ахмет Ізтұрғанов.

Бұл баппен жауапқа тартылғандардың айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін. Бірақ полицейлер мұнымен келіспей отыр. Оларға сенсек, іс алдағы уақытта басқаша болып өзгеруі де ықтимал.

“Ауруханадан шығарылғаннан кейін ауыру тарихымен сот-медициналық сараптамасы тағайындалатын болады. Аталған сараптама қорытындысын алғаннан кейін алған дене жарағатының дәрежесіне байланысты қылмысы бойынша нақты күдіктінің әрекеттеріне баға берілетін болады”, – дейді Мұнайлы аудандық ІІБ бастығы Нұрбол Бишеханов.

Тәртіп сақшылары кінәсін мойындаған күдікті жауаптан жалтармайды деп сендіріп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік ата-ана: Қыздарымның басы биттеп кеткен соң орамал тақтық, қажет болса бүгін-ақ шешіп тастаймыз

Өскемен әкімі орынбасарына қызметтік көлікпен жүруге тыйым салды

Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот талқылауы қашан өтетіні белгілі болды

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Полицейлерге де сыра сатпай койған ғой тегі. Мынау жай бұзақылық емес. Адам денсаулығына қасқана зиян келтіру. Қосымша жалпыға ортақ қоғамдық тәртіпті бұзуға әрекет. Қопара берсең, әлгі қызға май шашқыш еркексымақты түрлі баптармен жауапқа тартқызуға болады. Бұл полицей деген шіркіндер өз жұмыстарын қиын қатты жеңілдеткілері келіп тұрады. Погонды сән үшін таситындардың қатарынан болар.

  • Anonymous says:

    Бұл қызды жақсы танушы едім. Тым жақсы қыз еді. Көркіне өшпес таңба қалдырған жауыз. Заң жүзінде жазасын алса деймін.

  • Anonymous says:

    Сымбатты пиво сатпағаны үшін қорғай алмаса, полицейлерің адамгершіліктен жұрдай екен!
    Қара бастары бітпес қасіреттен артылмас!

    • Anonymous says:

      әлгіні ұстап алып аузы мұрнына сыра құйса ше шіркін қара қарны жарылғанша

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар