Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Стилист Рафаэль Ромен өзіне сын айтқандарға жауыз образын қазақ ертегілерінен алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

55555555

«Өскелең ұрпаққа кері тәрбие беретінім туралы жазғандар көп. Құрметті ұятмендер мен жалған мұсылмандар! Мені айыптамас бұрын өз балаларыңызға еге болыңыздар. Сөздеріңіз өтпейді екен, ендеше оларды тәрбиелеумен айналысқан жөн шығар?! Өз қалауыммен өмір сүремін, менің де өз достарым, мені түсінетін жандар бар. Біреудің алдында ақталар немесе Хэллоуинге не себепті мұндай киім таңдағанымды түсіндіретін жайым жоқ. Ал суреттегі менің сұқ саусағыма келер болсақ, оны жиі қолданамын. Оның айтарлықтай астары жоқ, Жалпы бұл менің жеке парақшам. Барлықтарыңызды өзімнің 21-ғасырыма шақырамын», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Стилистің бұл жазбасы желі қолданушыларын одан сайын ашуландыра түсті.

«Алдымен өз ата-анаңа айт, сені тәрбиелесін», «Рафаель сияқтылар ұлтымызға еш жақсылық әкелмес, мүмкін өнерге алып келер. Алайда артында мықты ұлт тұрмаса өнердің кімге керегі бар?», «Ана ретінде балаларымның сіз сияқты болғанын қаламас едім», – деп пікір білдірді олар. Есесіне Рафаельдің ұстанымын қолдайтындар оған жағымсыз пікірлерге мән бермеуге кеңес берді.

Естеріңізде болса, желіде Рафаельдің жариялаған суреті үшін дау туған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Хеллоуинге арналып әзірленген декорация Ақтөбе тұрғындарын шошытты

Екі ай бұрын жоғалған қырғыз қызын қазақ жігіті күштеп ұстап отырған

Талқылау