Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйелді ипотекаға алған үйінен қуғалы жатыр

Алматы тұрғынын ипотекаға алған пәтерінен «қарызын төлеуді кешіктергені үшін» шығармақ. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Дильнар Инсенова «фирма өкілдерінің алаяқтық әрекетінің құрбаны болдым» деп санайды. Осыны айтып фирма қызметін тексеруді талап етіп құзырлы органдарға бірнеше рет хат жазғанын айтады.

Ол пәтерін 2011 жылы пәтерін Ayt Housing Complex фирмасынан ипотекаға алған. Осы уақытқа дейін 30 мың доллар төлеп келген. Ал 2014-2015 жылдары девальвация болған кезде доллармен есептелетін қарызының көлемі ұлғайып, төлей алмай қалған.

2017 жылдың 6 қазанында Алатау аудандық соты Дильнар Инсенова тұрып жатқан Ayt Housing Complex меншігіндегі пәтерді босату туралы шешім шығарған.

Инсенова пәтерін босатудан бас тартып, бірнеше белсендімен бірге пәтеріне бекініп алды. Ол терезеден төменде тұрған сот орындаушысы мен билік өкілдеріне пәтерін қыс кезінде өзін күштеп пәтерден шығарудың заңсыз екенін айқайлап айтып, қарсылық ретінде терезеден секірмекке әрекеттенген. Бірақ оны қасындағы белсенділер ұстап қалып, райынан қайтарды.

Бұдан соң сот орындаушысы Сәуле Күншуақова пәтерден шығарудың белгісіз мерзімге кейінге қалдырылғанын айтты.

Бүгін түске дейінгі уақытта «Ақкент» ықшам-ауданында тұратын Дильнар Енсенованың үйіне сот орындаушылары мен билік өкілдері барды. Көп қабатты үйдің маңына өрт сөндірушілер мен олардың арнайы көлігі, жедел жәрдем қызметі, полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің өкілдері де келген.

Инсенованың айтуынша, сот орындаушысы өзіне екі аптаның ішінде басқа жаққа көшуді ұсынған.

Бұдан кейін сот орындаушылары мен басқа да арнайы қызмет өкілдері оқиға орнынан тарап кетті.

Тағы оқыңыз:

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

ОҚО тұрғыны 7 жылдан бері өзге ағымға кіріп кеткен қызы мен немересін үйіне қайтара алмай жүр

Ашаршылықтан соң қайта табысқан әке мен баланың аянышты тағдыры

Источник: Stan.kz

 

Талқылау