Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел күніне 100-ге жуық мұқтаж жанды тегін тамақтандырады

Алматы тұрғыны мұқтаж жандардың барлығын дерлік тегін тамақтандырғысы келеді. Алайда оған Расима Темірбаеваның қаражаты жеткіліксіз. Міне, екі жылдан бері ол қайырымдылық жобасына ақшаны қайдан аламын деп шарқ ұрып жүр. Әйел жобасын егжей-тегжейлі ойластырғанымен, ең маңыздысын, яғни демеуші жағын ескермепті, деп хабарлайды КТК арнасы.

расима темербаева

Жалға алынған кішігірім асханада жұмыс көп. Дәл қазір аспаз етті бөліп, саңырауқұлақ қуырып жатыр. Түсінген адамға бұл толыққанды түскі ас. Себебі мұндай тамақты мұқтаждарға күнде бере алмаймын дейді жоба авторы Расима Темірбаева.

«Ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын қарттарға көмектескім келеді. Себебі олардың көпшілігі бұрын ұстаздық, дәрігерлік және ғылыми қызметте болғандар. Алайда елеусіз қалатын да осы кісілер. Ең бастысы, олар мұнда тек ас ішу үшін емес, өзара әңгімелесу үшін келеді», – дейді Расима Темірбаева.

Әйел осыдан екі жыл бұрын мұқтаджарды тамақтандыра бастаған. Алғашқыда тегін ас ішуге келетіндер саны аз болса, бүгінде жүзге жуық қарт Расиманың арқасында түскі аспен қамтылып отыр. Тегін асқа келгісі келетіндер саны күн санап артып барады. Алайда барлығын бірдей тамақтандыруға Расиманың қаражаты жетпейді. Ол, ең алдымен, көпбалалыларға, зейнеткерлер мен жұмыссыздарға көмектеседі екен.

Қазіргі таңда жоба авторымен тұрақты түрде жалғыз құс фабрикасы жұмыс істейді екен. Аталған мекеме тегін асханаға екі аптада бір рет ет пен жұмыртқа жеткізіп тұрады. Кейде қайырымды жандар да көмек қолын созады. Алайда ол да жеткіліксіз. Тегін тамақ тез таусылып кетеді. Ал мұқтаж жандар мұнда таңертеңнен бастап кезекке тұрады екен.

«Зейнетақымды ұрлап кетті. Енді тамаққа ақшам жеткіліксіз», – дейді зейнеткердің бірі Владимир Дементьев.

зейнеткер ограблен

«Тегін ас ешкімге де артық етпейді ғой. Аш қалған емеспін, бірақ сонда бұл дегеніңіз үлкен көмек. Ризамын, түскі астан қалмауға тырысамын», – дейді Мұратбек Әубәкіров.

сголоду не умирал

Түскі ас күн сайын беріледі. Расима тек демалыс күндері мен мейрамдарда демалады. Жоба авторы тегін асхананы Қазақстанның әр түкпірінен ашсам дейді. Еріктілер мен демеушілер көмек қолын созам десе, мархабат.

Аударған: Stan.kz

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан шекарасына заңсыз басып кірмек болғандар ұсталды

Әблязовтің сыбайласы деп танылған журналист Жанболат Мамайға қатысты сот отырысы өтті

“Хабардың” журналисті өзіне тиесілі сыйақыны үш баланың өмірін сақтап қалуға жұмсады

Алматыда адамдар тегін тамақтана алатын қоғамдық тоңазытқыштар пайда болмақ

Талқылау