Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел бизнес жүргіземіз деп алдап тұрғындардан 200 млн теңге алып кеткен

Алматы полицейлері алаяқ әйелді ұстады. Ол қазақстандықтардан кемінде 200 млн теңге алған.

Қазіргі уақытта Алмалы ауданы полиция басқармасының тергеушілері сотқа күдіктінің қатысымен болған жиырмадан астам істі көрсетті.

36 жастағы әйел құрығына түскендерге білесіп бизнес жүргізуді ұсынған. Ол Қытай мен Қырғызстаннан тауар әкеліп бермек болады. Адамдардан ақша алып, қысқа уақыт ішінде қаражатын қайтарып алатндарына сендірген.

Қазіргі уақытта алаяқ әйелдің келтірген шығыны кемінде 200 млн теңгеге шығып отыр.

Қазір күдіктіде жәбір көрген өзге де адамдар іздестіріліп жатыр. Күдікті Алматыда ғана емес, Қазақстанның өзге қалаларындағы алаяқтық іске қатысы болуы мүмкін.

Алматы полиция депртаменті алаяқтық әрекеттерен зардап шеккендер болса, +7 (727) 254-46-12, 8-775-203-64-04; 8-702-333-42-64; 8-702-007-55-11 телефон нөмірлеріне хабарласыуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Қаңтар, 2019 15:57
Талқылау