Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық автотұрақ реттеушісінің әрекеті желі қолданушыларын риза етті (видео)

Алматыдағы көлік тұрақтарының бірінде қызмет ететін ер адамның әрекеті желі қолданушыларының ризашылығын туғызды.

Алматылық автотұрақ реттеушісінің әрекеті желі қолданушыларын риза етті

Видео Инстаграмдағы zhest_kz парақшасында жарияланған. Ролик авторы кафе алдындағы тұрақтың бағасы 100 теңге екеніне шағымданады.

“Міне Сәтпаев-Есентай қиылысындағы “Ташкент №1″ кафесі. Бұл жерден 4500 теңгеге тамақтандым. Енді тағы 100 теңге төлеу керек. Кафеге келесіз, тамақ жейсіз, оның үстіне тағы тұраққа төлеу керек”, – дейді алматылық.

Оған тұрақ реттеушісі: “Бара бер, мен сенен алмаймын. Мен отбасымды сізсіз де бірдеңе қылып асырай аламын”, – дейді автотұрақ реттеушісі.

 

Такие дела #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz)

Роликті қарағандардың басым көпшілігі 100 теңгені беруге сараңданған жігітті сынға алады. Сондай-ақ, олар автотұрақ реттеушісінің сөзіне риза болып, лебіздерін білдірген.

 

Талқылау