Алматыдан ұшып шыққан Qazaq Air ұшағы әуежайға қайта оралды
Qazaq Air қазақстандық әуе компаниясының ұшағы техникалық себептерге байланысты сейсенбі күні Алматыдан Астанаға ұша алмады.
“Бүгін Алматы – Астана бағдарлы IQ353 рейсін орындаушы Bombardier Q400 NextGen ұшағында қозғалтқыштағы май қысымының көрсеткіші белгі беріп, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Ұшу кезіндегі қауіпсіздік шараларын толығымен орындаған ұшақ экипажы ұшқаннан соң 25 минуттан кейін әуежайға қайта оралуға шешім қабылдады”, — делінген хабарламада.
Ұшақ штаттық режимде қондырылды. Әуе компаниясының инженерлік қызметі ұшақтың техникалық жағдайын толық тексеруден өткізуде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
IQ353 рейсінің жолаушылары әуе компанияның басқа ұшағымен ұшатын болады.
Тағы да оқыңыз:
Жол жүрісі мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді
Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттап кетті
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы ең қымбат лайнерлер тізіміне кірді