Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы секс-шоптардың бірінен үш қапшық фаллоимитатор ұрланды

Алматыдағы SEXY-KZ дүкенінде сатылатын эротикалық костюмдер бірнеше сексуалды ойыншықтар ұрланған. Ұрылардың неліктен ондай тауарларды алып кеткені түсініксіз.

секс

Бұл туралы caravan.kz сайты хабарлайды.

Ұрылар кірген үйде ақша да, алтын да болмаған. Есесіне сексуалды бағыттағы ойыншықтар толып тұрыпты.

“Темір шілтерді кесіп, терезені сындырып кірген. Nikon D80 маркалы фотоаппаратты, бұрғы, шарқайрақ және шегебұрағыш заттарды да алып кетіпті. Ұрылар бұл заттарды біреулерге сатып жіберуі мүмкін. Ал жыныстық тауарларды неліктен алғаны белгісіз. Біз бұрын тауарларды Көкөзек ауылында сақтайтынбыз. Ол жерде ұрлап кету деген проблема болмайтын”, – дейді секс-шоптың қожайыны Юлия Цепляева.

Ұрланған эротикалық костюмдердің бағасы 2000 доллар шамасында екен. Тіпті әйелдерді қоздыратын таблеткаларды да ала кетіпті. Қожайын полицияға хабар берген. Алайда тәртіп сақшысы ұрлықты есепке алмапты. Ол мұндай нәрселерді ұят, ыңғайсыз беп бағалаған. Дүкен қожайыны мұны істеген жергілікті адамдар деп отыр.

“Сірә, дағдарыс адамдарды осындай қадамға баруға итермелесе керек. Үйден сіріңкелер табылды. Соған қарағанда ұрылар әуелі сіріңке тұтатып жарық жағып, сосын фонарик тапқаннан кейін іске кіріскен. Тамаққа да, спирттік ішімдіктерге де тиіспеген. Бұлар өз әйелдеріне сыйлық жасағысы келген, жас жігіттер секілді”, – дейді қожайынның күйеуі Игорь Цепляев.

Статистика комитетінің мәліметінше Қазақстанда жұмыссыздар саны 2016 жылдың қаңтар айында 457,6 мың адамға жеткен. Ал жұмыссыздық өз кезегінде қылмысқа жол ашуда. Еркек жыныс мүшесінің мүсінімен немесе қоздырушы таблеткалар отбасыны асырамайтыны белгілі. Сондықтан секс-шопты тонаудың қандай мәні бар екенін түсіндіріп айту қиын.

Талқылау