Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматыдағы ҚазҰУ жатақханасында 1-курс студенті қайтыс болды
Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студент көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға кеше, 24 қыркүйекте, кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған. Қайтыс болған студент оқу орнының механика-математика факультетінің 1-курсында мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан екен.
«Ол жатақханада тұратын. Күндіз студенттер ректордың есебін тыңдады. Кешке жатақханада болған. Бұл оқиға кешкі 20:00 шамасында болды. 1-курс студенттерінің бірі досының жағдайы ушығып кеткенін комендантқа хабарлаған. Жедел жәрдем келіп үлгергенше қайғылы жағдай орын алды. Дәрігерлер алдын ала уланудан көз жұмды деген қорытынды шығарды», – дейді оқу орнының баспасөз қызметіндегілер.
ЖОО-дағылардың мәліметінше, жас жігіт қыркүйек айында оқуға қабылданып, таяуда ғана жатақханадан бөлме берілген екен. Павлодар облысынан келген студент көпбалалы отбасынан шыққан.
Сонымен қатар оқу орнының баспасөз қызметі ҚазҰУ-дың марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді.
Белгілі болғандай, марқұмның жанында 17 жастағы досы болған. полиция жауап алу үшін, оны алып кетті.
Қазіргі уақытта полиция студенттің өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.