Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы бүйрек донорының өлімі: сатып алушыға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда адам бүйрегін сатып алушыға сот үкімі шықты. Оқиға донордың өлімі мен бүйрегін ауыстырушының мүгедектігімен аяқталған еді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бүйрек сатып алмақшы болған айыпталушының 2016 жылы тамызда денсаулығы нашарлап, бүйрек керек болған. Оның соңғы үміті желідегі «бүйрек сатамын» деген хабарландыруды көріп, сатып алмақшы болған. Сәйкесінше, бүйрегін сатпақшы болған адамға шұғыл  түрде ақша керек болған.

2016 жылы қарашада сатып алушы донорға 1100 доллар, 7 желтоқсанда 8900 доллар берген.

Бүйрек трансплантациясы жасалғаннан кейін,  2016 жылы желтоқсанның соңында олар №7 қалалық ауруханадан үйіне шығарылады. Осыдан кейін, донордың денсаулығы нашарлай бастағасын, оған бірнеше рет ота жасалады. Алайда, донор 2017 жылдың 19 қаңтарында қайтыс болды.

Негізгі трансплантация іске асқаннан кейін, бүйрегін ауыстырушы 2 рет ауруханаға түсіп, ота жасалған. Дәрігерлер оған бүйрек қалыптасып кету үшін әлі 1 жыл керектігін айтқан. Отадан кейін оған мүгедектік диагнозы қойылды.

Донордың анасы сотта бүйрек сатып алушыны қатаң жазалауды сұраған. Анасының айтуынша, ұлы біраз уақытқа жұыс істеуге кеткенін айтып, үйден шығып кеткен. 2 күннен кейін үйіне келіп, қайтып кетіп қалған. Содан кейін ол ұлын көрмеген. Кейін келіні хабарласып, ұлының несиесін жабу үшін бүйрегін сатқанын және қазір ауруханада ауыр хәлде жатқанын айтқан. Анасы ұлында несие барын білмеген.

Жігіттің артында 3 баласы қалды.
Бүйрек сатып алушы ҚР ҚК 116 бабы (Тірі адамның органын трансплантациялау немесе пайдалану мен заңсыз тіндерді алу, сондай-ақ тірі адамның органдары және тіндерімен заңсыз әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот сотталушыны 116-баптың 1-тармағына сәйкес бір жылға бас бостандығынан айыру туралы қаулы қабылдап, ҚР тәуелсіздігіне орай «Рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2-тармағының 3) «(жазасын өтегендер: мүгедек I, II және III топтар) бойынша негізгі жазасынан босатты.

Тағы оқыңыз:

Тоқтар Төлешовтың бұрынғы коттеджінде өнер мектебі ашылды

Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады 

“Абу-Даби Плазадағы” даудың неден шыққаны белгілі болды 

Талқылау