Алматыдағы атыстан соң 10-нан астам жараланған адам ауруханаға түсті
Алматыда болған атыстардан соң ауруханаға түскен жаралылар саны он адамнан асып кетті. Бұған дейін бүгін болған атыстарда жараланған 5-тен астам зардап шегуші жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілген еді.
Сурет newskaz.ru
“Қазіргі таңда ауруханаға жараланып түскен адамдар саны бесеуден асады. Әлі түсіп жатыр. Нақты санын қазір айта алмаймыз”, – делінген аурухана ресми хабарламасында.
Дәрігерлер мен аурухана қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
“5 адам орталық аурухананың хирургия бөліміне түсті,” – деп хабарлады аурухана. Бұл кезде тағы 3 жараланған адам орталық аурухана көмегіне жүгінген.
Сонымен қатар, тағы 5-6 жараланғандар жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жедел жеткізілді.
Бұған дейін Алматының бірнеше аудандарында атыс дауысы естіліп, тәртіп сақшыларының ауыр жараланғаны туралы хабарланған еді. Сондай-ақ, қатты атыс Николь базары аумағында да болған. Сондай-ақ, Абай мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратына жақын маңда да атыс дауыстары естілген. Ғимарат қоршауға алынды.
Бұдан бөлек Төле би мен Абылайхан көшелерінің аудандарында атыс болғаны естілген. Бейресми мәліметтерге жүгінсек, атыс салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер бар.
Осы оқиғаларға байланысты қалада террорға қарсы операция ресми түрде енгізілді.