Алматылық қыз мас жүргізушінің кесірінен көз жұмды
Жеңіл көлік екі миниавтобуспен соқтығысқан, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматыда Құлжа тас жолында Қызыл алаң мен Бұқтырма көшесі арасында жол апаты болды.
Куәгерлер айтып жеткізгендей, Volkswagen Passat тас жол бойымен оңтүстік бағытта келе жатады, екі Mercedes Sprinter — солтүстік бағытта.
Неге екені белгісіз, Volkswagen Passat қарсы бағыттық қозғалыс жолағына шығып кетіп, әуелі жолаушылар мінген бірінші Mercedes көлігіне соғылады. Кейін Volkswagen шыр көбелек айналып кетіп, екінші Mercedes көлігін қағып, салдарынан дөңгелегі шығып кетіп, ағашқа барып соғылған.
Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қатты мас болыпты.
Алты адам ауруханаға жатқызылды. Тағы бір бойжеткен апат орнында көз жұмған.
Оқи отырыңыз:
Алматыда көпірден секірген қызды көлік қағып кетті
Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)
«Меломен» тобы: Жетім-жесірлерді азайту үшін тоқал алуға болады
Әли Оқапов Ақбота Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайында бар шындықты айтты