Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды
8 тамыз күні кешкі сағат онда, Алматыдағы Саин көшесінде «Субару» автокөлігінің 1984 жылы туған жүргізушісі «Мицубиси» және «Шкода» автокөліктерімен соқтығысты, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.
«Жол-көлік апатынан «Мицубиси» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шекті. Өкінішке қарай, жолаушылардың бірі – 56 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.
Қалғаны түрлі жарақатпен қаладағы медициналық мекемелеріне жеткізілді. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Бірнеше сараптама тағайындалып, сол арқылы жол-көлік апатының мән-жайы анықталатын болады», – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД тергеу бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Олжас Шәріпов.
Жіберіп амаңыз:
ОҚО-да қаржылық бақылау инспекциясының басшысы жол апатынан қаза болды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты (фото)
Адамдарды ажал құштыра жаздаған автобус жүргізушісі апаттың қалай болғанын айтты
Қостанай облысында ірі жол апатынан 6 адам қаза болып, 25 адам жараланды (фото)
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты
Алматы облысында автобус пен жойғыш ұшақ макетін тасымалдаған КамАЗ соқтығысты (видео)